Атырау, 25 сәуір 20:45
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Израиль лаңкестік топтармен күресті күшейтті

1 837 просмотра


Израиль лаңкестік топтармен күрес Сирия жауынгерлеріне соққы Израильдің әскери әуе күштері Сирия жауынгерлеріне соққы жасап, қару-жарақтарын жарып жіберді. Жергілікті әскерилердің айтуынша, соңғы 5 жыл ішінде израильдіктер жауларына 100-ден астам осындай шабуыл жасаған. 

Израильдің әскери әуе күштері Сирия, Ливия сынды елдердегі лаңкестік топтармен күресіп, үнемі шабуылдар жасайды. Ел басшылығы да мұны ресми түрде растап отыр. Алайда Генерал Эшель 100-ден аса қарулы әрекет жасалғанын жария еткенде,  жұрттың таңданысында шек болған жоқ. Амир Эшель, Израиль Әскери-әуе күштерінің бұрынғы басшысы: - Біз шабуыл жасағанда сақ болуымыз қажет. Өйткені біздің әрекеттеріміздің салдарынан лаңкестерге еш қатысы жоқ бейбіт халық зардап шегуі мүмкін. Оған жол беруге болмайды. Әсіресе Ливанда Хезболланың адамдары  шоғырланған жерлерде тәуекел жоғары болады. Маңында тұрғын үйлер көп. Израиль мемлекеті мұндай жағдайда біркелкі стратегияны ұстанады. Егер сириялықтар ел аумағында оқ атса, іле-шала жауап қайтарады. Жақында Голан биіктігінде бірнеше миномет снаряды жарылды. Ал Израиль артиллериясы жауларын ұшақпен шабуылдады. Бұл екі арада лаңкестерге қару-жарақ жеткізушілерге де аяушылық жоқ. Беньямин Нетаниягу, Израильдің премьер-министрі: - Қарсыластарымызға қатысты саясатымыз белгілі. Егер тыңшыларымыз шабуыл жайлы білсе, біз сол мезетте оның алдын алу шараларын жүргіземіз. Саяси ахуал мың құбылған бүгінгідей заманда алды-артыңды болжап, дұшпанға есе жібермеуді кім де болса ойлайды. Ал Израиль – соғыс жүріп жатқан аумақтағы кішігірім мемлекет. Қарулы қақтығыстар өршіп тұр. Батыс елдері араағайындық жасап баққанмен, Таяу Шығыс тынышталар емес.

Дереккөз: 24.kz

25 тамыз 2017, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.