Атырау, 20 сәуір 03:35
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Тамызда елiмiзде төмен байытылған уран банкi құрылады

1 763 просмотра


Тамызда елiмiзде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен МАГАТЭ-нiң Төмен байытылған уран банкi құрылады. Бүгiн 62-шi Пагуош ғалымдар конференциясының ашылуында ҚР Парламентi Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Қазақстан аумағында МАГАТЭ-нiң (Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiк) Төмен байытылған уран банкiнiң құрылуы ядролық қаруды таратпауды нығайтуға қосқан қомақты үлесі саналады. Оның ашылуы биылғы жылғы 29 тамызда Мемлекет басшысының қатысуымен өтедi. Бiз бүгiнгi таңда халықаралық қатынастардағы күрделi өзгерiстердiң куәсi болып отырмыз. Дәстүрлi тәуекелдер мен қатерлерге олардың жаңа түрлерi қосылып отыр. Олардың қатарында қақтығыстар саны мен географиясының ұлғаюын, халықаралық терроризмнiң арта түсуiн, климаттың өзгеруiн, жаппай көшi-қонды атап өту керек. Жағдай әлемдiк державалар арасындағы шиенелiнiстiң артуымен, олардың санкциялық текетiрестерiмен ушыға түсуде. Жаһандық ядролық қауiпсiздiк саласындағы ахуал, атап айтқанда Корея түбегiндегi шиеленiскен дағдарыс үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Бұндай текетiрестiң, жалған көпiрмек сөздiң салдары өңiрдегi бiрқатар ел үшiн, халықаралық қатынастардың бүкiл жүйесi үшiн аса қауiптi болуы мүмкiн», - дедi Тоқаев.

Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем-ХХI ғасыр» манифесiнде жаһандық ядролық қауiптiлiгi мен апаттылығы туралы ескерту айтылған.

«Иранның ядролық бағдарламасы төңiрегiндегi мәселенiң шешiлуi Таяу және Орта Шығыс өңiрлерiнде бейбiтшiлiк орнату мүмкiндiгiн арттыра түстi. Төмен байытылған уран банкiнiң құрылуы елдердiң атом энергетикасын дамытуға деген талпынысын қанағаттандыру үшiн кепiлденген жағдай жасады деп сенемiз. Қазiргi күн тәртiбiнде ядролық қарудың немесе оның компонеттерiнiң халықаралық террористiк ұйымдардың қолына түсу қаупiне қарсы iс-әрекет ету мәселесi тұр. Сондықтан, ыдырайтын материалдарды өндiруге, пайдалануға және залалсыздандыруға халықаралық бақылауды күшейту аса маңызды iс», - дедi Қ.Тоқаев.

Дереккөз:Baq.kz

25 тамыз 2017, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.