Атырау, 19 сәуір 05:43
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Ембімұнайгаз» АҚ: кәсіподақтармен диалог – басты мәселе

6 003 просмотра

«Ембімұнайгаз» АҚ Басқармасының төрағасы Әнуар Жақсыбеков Компанияның кәсіподақ комитеттерінің, 6 құрылымдық бөлімшелерінің және басқарма аппаратының басшыларымен кездесті.

Жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы әлеуметтік диалог - «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығы ерекше көңіл бөлетін басты мәселелердің бірі.

Кәсіподақ ұйымдарының көшбасшыларымен кездесу кезінде Компания басшысы еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және мұнайшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі бірлескен жұмысқа жоғары баға берді. 

– Біздің мақсатымыз – жұмысшыларымыз үшін қауіпсіз жағдай жасау. Кәсіподақ комитеттері жұмысшылар мен жұмыс беруші арасындағы дәнекер іспетті. Солардың арқасында ұжым ішіндегі міндеттер мен мәселелерді дер кезінде ойдағыдай шешіп отырмыз. Бірнеше жыл қатарынан мұнай өндіру көлемінің жылдық жоспардан асып түсуі – осының жемісі, - деп Басқарма төрағасы кәсіподақ комитетінің басшыларына алғысын білдірді.

Кездесу барысында Ә.Жақсыбеков қатысушыларды Компанияның алдағы даму жоспарларымен таныстырып, мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлестері үшін барлығын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ембімұнайгаз» АҚ-на 95 жыл» медалімен марапаттады. 

«Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі


24 тамыз 2017, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.