Атырау, 29 наурыз 19:39
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Трамп АҚШ үкіметін таратып жіберемін деп қорқытты

2 424 просмотра

Мексикамен шекаралас жерде қабырға соғу туралы жеке тілегін орындау үшін Трамп ең соңғы амалдарға баруға, тіпті ол басты атқарушы орган Конгрессті де таратып жіберуге дайын. Бұл туралы Росбалт хабарлады. 

Сейсенбі күні президент конгрессмендерге үзілді-кесілді талап қойды - не қабырғаның соғылуына қаражат бөлуді қарастыру немесе тікелей текетіреске барып «жаппай жұмыстан шығаруға» соқтыру. «Бүгін мен конгресске хабарламағым келеді: сіздердің жұмыстарыңыз америкалық отбасылардың, халықтың, жұмысшылардың мүддесін ойлау. Бұл сіздердің жұмыстарыңыз», -  деді Трамп Аризона штатындағы Финикс қаласындағы жұртшылықпен кездесуінде. Сондай-ақ Трамп, 2013 жылы конгресс пен екі партияның танымалдылығы күрт құлдырағанда федералдық органдардың басшылығы жұмысын тоқтатқандығын еске салып өтті.   

Дереккөз: inform.kz

23 тамыз 2017, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.