Атырау, 19 сәуір 23:42
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Адвокат: Талғат Аянды Ақтөбеге ауыстырды

1 944 просмотра


"Азаматтық белсенді Талғат Аян Петропавлдағы ЕС-164/3 мекемесінен Ақтөбедегі К -168\2 колониясына этаппен 22 тамыз күні келіп жетті" деп хабарлады Азаттыққа оның адовкаты әрі әкесі Төлепқали Аянов.

Адвокаттың сөзінше, Талғат Аянның хал-жағдайы жақсы, әзірге онымен кездесу он шақты күн карантиннен соң мүмкін болады.

Төлепқали Аянов бұған дейін Талғаттың отбасында кішкене сәбилерінің барлығын, Петропавлға барып тұру үлкен қиындықтар тудыратынын айтып, оны Атырау абақтысына ауыстыруды сұрағандарын айтады.

- Атырауда орын жоқ деген жауап алдық. Әрине, бұл сылтау. Дегенмен халықаралық құқық қорғаушылар мен қазақстандық азаматтық белсенділердің жіті назарына жауаптары болуы керек, жақын жер деп Ақтөбеге ауыстырды, - дейді Төлепқали Аянов.

Ол Талғат Аянмен алдағы болатын кезекті ұзақ кездесуге әйелі балаларымен баратынын айтты.

2016 жылғы 26 қарашада Атырау облыстық соты атыраулық белсенділер Талғат Аян мен Макс Боқаевты "заңсыз митингтер ұйымдастырды", "жалған ақпараттар таратты", "ұлтараздық тудырды" деп айыптап, бес жылға соттаған. Боқаев пен Аян өздеріне тағылған айыптарды мойындамады.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Боқаев пен Аянның сотталғанын айыптап, Астананы Боқаев пен Аянды босатуға шақырған болатын.

Дереккөз: azattyq.org

23 тамыз 2017, 14:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.