Атырау, 29 наурыз 18:13
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Адам жегіштерге арналған шұжық-2

2 438 просмотра

Ресейлік БАҚ-тарда Мәскеу түбіндегі «Мортадель» жеке комбинатының шұжығынан адам ДНК-сы табылғандығы туралы ақпарат тарағаннан кейін қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті тағам өнімдерінің Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкестігіне қатысты мониторингті күшейткен болатын.

Ал көп көп ұзамай tvzvezda.ru сайтында «Мортадель» компаниясының вице-президенті Эльвира АГУРБАШ айыптауды үзілді-кесілді жоққа шығарып, оны «бұл біздің имиджімізге нұқсан келтіру үшін ұйымдастырылған акция» деп атады. «Мемлекеттік ветеринарлар бізде тәулік бойына өндірістің бүкіл кезеңдеріне бақылау жасайды... Шұжық сапасы тексерілген кезде, ешқашан ДНК-ға қатысты сараптама алынбайды. Бұдан басқа, ДНК-нің тіпті мейрамханаларда аспаздар дайындайтын салатта да және бір нәрсеге адамның қолы тиген кезде де қалатынын түсіну керек. Сондықтан зауыт өнімдерінде адам ДНК-сінің табылуы таң қаларлық нәрсе емес. Ал Федералдық тағамтану орталығындағылар бұл ақпараттың қайдан шыққанын білмейді».

«Мортадель» компаниясының  өнімдерін Атыраудағы сауда орындары мен дүкен сөрелерінен таба алмадық. Бір байқағанымыз облысымыздағы шұжық өнімдерінің басым бөлігі елімізде өндіріледі. Бірақ сатушылардың  айтуынша Ресей шұжықтарына да сұраныс аз емес.

Қалай болғанда да, бұл жағдай тағы да қандай тағам жеп отырғанымыз туралы ойлануға түрткі болды. Шұжықты сүйіп жейтіндер, абай болыңыздар!

Фархат ӘБІЛОВ

23 тамыз 2017, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.