Атырау, 29 наурыз 15:11
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Қазақстанда жемқорларды "ұсталған жерінде ату" ұсынылды

1 881 просмотра


Қазақстанда жемқорларды "ұсталған жерінде ату" ұсынылды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің отырысы кезінде "Азаматтық альянс" басшысы Нұрлан Ерімбетов осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында өткен отырыс кезінде тәуелсіз сарапшылар Қаржы министрілігінің қауіптеріне баға берді.  "Мені жұмсақтығымыз таңғалдырады. "Адам 100 миллион пара алады да, 5 миллион айыппұл төлейді. Ұсталған орнында ату керек, өйткені бұл балаларымыз бен ақсақалдарымыздың ақшасы, денсаулығымыз бен отбасыларымызды асырауға арналған ақша", - дейді Нұрлан Ерімбетов.  Отырыс кезінде Қаржы министрлігінің бөлімшелері мемлекеттік органдар ішінде ең жемқоры екені айтылды.  "Кеден және экономикалық тергеу органдары ең жемқор. 2001 жылдан бергі ресми статистикасы осы уақытқа дейін жемқорлық деректері бойынша 10 мың адам сотталғанын көрсетіп отыр. Сотталушылар саны бойынша екінші орында Қаржы министрілігі, олардың 86 пайызы Мемлекеттік кіріс комитеті, кеден, салық және экономикалық қызметте істегендер", - дейді агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Мүксімов. 

Дереккөз: tengrinews.kz

22 тамыз 2017, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.