Атырау, 18 сәуір 22:35
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​Сербияның Македониядағы елшілігінің барлық қызметкерлері Белградқа қайтарылды

1 905 просмотра


Сербия Македония Александр Вучич Сербтік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ел президенті Александр Вучич осындай өкім шығарған. 

Бұл демарш, яғни Сербияның осындай дипломатиялық қадамы «Македония Косовоның ЮНЕСКО-ға кіруін қолдады» деген хабармен тұспа-тұс келіп отыр. Сербия құрамындағы Косово 2008 жылы өз тәуелсіздігін жариялаған болатын. Оның егемендігін 114 мемлекет мойындады, қатарында Македония да бар. Дегенмен Ресей мен Қытай оның Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруін әлі күнге дейін шектеп отыр.  Айта кету керек, Македония халқының үштен бір бөлігін албандар құрайды. Екі ел арасында қарым-қатынастың шиеленісуіне 27 сәуірде Македония парламентіне шабуыл жасағандардың арасында сербтік арнайы қызмет өкілінің болғандығы түрткі болды. Сол кезде ереуілшілер ғимаратқа баса-көктеп кіріп, бірнеше депутат пен премьер-министр Зоран Заевті соққыға жыққан болатын.

Дереккөз: 24.kz

22 тамыз 2017, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.