Атырау, 29 наурыз 00:17
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Қытайлар Кедендік одаққа өкпелі". "Шенеуніктің баласынан неге чемпион шықпайды?". "Ресей Кеңес Одағының соңғы қарызын жапты". "Долларды айналымнан жаппай алып тастау теңгеге қалай әсер етеді?".

2 021 просмотра

QAZAQTIMES.COM. «Қытайлар Кедендік одаққа өкпелі» - Ресей Кедендік одаққа қайтадан бақылау жүргізбекші, Қазақстан арқылы жүк тасымалдаушы компаниялар абайлаңдар деп жар салуда Қытайдың WheChat әлеуметтік желісінде «Kazakhstan» деген парақшасы. 

«Америкалық демократия Орта Шығысқа келсе неге жан алғышқа айналады?» - Саддам Хусейннің ескерткіші алдындағы америкалық жауынгер. Фото: channel4.com. Өткен ғасырдың соңынан бері, дәлірек айтсақ, Кеңес одағы құлап, Америка Құрама Штатымен жүзбе-жүз қарсы келетін тұтас режимге бағынған ел қалмаған тұста АҚШ Ресей, Қытай және ислам әлемін айналдыра қоршаған «демократия егу» операциясын бастап кетті.

TURKYSTAN.KZ. - "Қант елімізге көбіне сырттан тасымалданады. Неге?" - Қазақстан жылына 400 мың тонна қант тұтынады. Елімізде небәрі екі облыс қант қызылшасын өсіреді.  Айналдырған екі облыстың өнімі бүкіл республиканы қамти ала ма? Әлбетте, жоқ. Ендеше күнделікті тұтынып отырған қант қайдан келеді? Осы күнге дейін елімізге тасымалданатын бразилиялық қант құрағының импорты кемісе, оның орнын қандай шикізат толтырмақ?

«ҰБТ: Үздіктер есімін таппаған тізім» - Өткен аптада мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды. Көпшіліктің қуанышында шек жоқ. Бірақ ұлттық тестілеуде жоғары балл жинаса да, бірде-бір грантқа ілінбегендер бұлай қуана алмады... 

ZHASALASH.KZ. – «Шенеуніктің баласынан неге чемпион шықпайды?» - Шетел елшілігіндегі қызметкерлердің көбі бүгінгі шенділердің ағайын-туысы. Тіпті аудандық әкімдікте жүрген басшылардың әке-шешелері Астанадағы бір дөкей болып шығады. 

AIKYN.KZ. – «Адамзат өмірін қалай жақсартуға болады?» - Әлемде бір миллиардтан аса адам әлі күнге дейін оқшаулану мен кедейлікте өмір сүргендіктен электр қуатына қол жет­кізе алмай отыр. 4 млрд халықтың ба­ламалы энергия көздерін тұрмыста қол­дануға мүмкіндігі жоқ. Баламалы энер­гияны дамыту арқылы, кедейлікті жойып, халықтың әл-қуатын сақтап қалу­ға мүмкіндік мол. 

«Ресей Кеңес Одағының соңғы қарызын жапты» - Осы уақытқа дейін ресми Мәскеу Босния мен Герцеговина мемлекеті алдындағы қарызын өтей алмай келгені белгілі. Өйткені кезінде Югославияның құрамындағы Хорватия, Сербия, Черногория, Словения және Македония елдері тәуелсіздік алғаны белгілі. Аталған елдердің алдындағы қарызын Ресей 2011-2016 жыл толықтай өтеді.

«Шала қазақ» деген атау қазаққа қалай сіңді?» - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы шартты атаумен «Шала қазақ» атты толықметражды көркем фильм түсіруді бастап кетті. Режиссері – Төлеген Байтүкенов. Фильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілмек. 

AZATTYQ.ORG. - "Ресейге тауар экспорттау қиындықтары" -  Кейінгі айда Қырғызстаннан Ресейге апарылған бірнеше тонна жеміс-көкөніс пен сүт өнімдері кері қайтарылды. Мұның себебін «өнімдер кеден одағы талаптарына сай емес» деп түсіндірген.

NUR.KZ. - "Долларды айналымнан жаппай алып тастау теңгеге қалай әсер етеді?" - АҚШ доллар өтімділігінің ірі көлемін айналымнан алып тастауды жоспарлап отыр. Нәтижесінде америкалық валютаға сұраныстың өсуі мен оның одан әрі нығая түсуі болжануда.






22 тамыз 2017, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.