Атырау, 19 сәуір 22:47
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Медициналық сақтандыруға қарамастан кей аурулар тегін емделеді

2 431 просмотра


Қазақстандықтар медициналық сақтандыруға қарамастан аурулардың кейбір түрлері бойынша тегін медициналық көмек алады, деп хабарлайды Вnews.kz.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шеңберінде, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен әлеуметтік маңызы бар аурулардың және қоршаған ортаға қауіп келтіретін аурулардың тізімін бекітті. Аталған нормативті-құқықтық актіге сәйкес республиканың барлық азаматтары медициналық сақтандыруы бар-жоғына қарамастан, жоғарыда көрсетілген тізбедегі барлық ауруларға кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің шеңберінде медициналық қызмет алуға болады.

Мәселен, тізімге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар ауруларға 13 ауру түрі кіреді. Олар: туберкулез; адам иммунитеті жетіспеушілігі салдарынан туындаған ауру және адам иммунитеті жетіспеушілігі вирусын тасымалдаушылар; В, С вирусты гепатиті; қатерлі жаңадан пайда болған өскіндер; қант диабеті; психиканың және жүріс-тұрыстың бұзылуы; балалардағы церебралды сал ауруы; миокард инфарктісі (алғашқы алты айда); ревматизм; дәнекер тіндердің жүйелі бұзылуы; орталық жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын-дегенеративті аурулары; орталық жүйке жүйесінің миелинсіздендіру аурулары; орфандық (сирек кездесетін) аурулар.

Бұл ретте, қоршаған ортаға қауіп келтіретін аурулар тізіміне 16 ауру түрі кірді: адам иммунитеті жетіспеушілігі салдарынан туындаған ауру және адам иммунитеті жетіспеушілігі вирусын тасымалдаушылар; туберкулез; геморрагиялық қалтырау; дифтерия; менингококк инфекциясы; полиомиелит; психиканың және жүріс-тұрыстың бұзылуы;  жыныстық жолмен берілетін инфекциялар; алапес; безгек; сібір жарасы (өкпедегі формасы); тырысқақ; оба; іш сүзегі;  А вирустық гепатиті; туляремия.

Дереккөз: bnews.kz

22 тамыз 2017, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.