Атырау, 28 наурыз 23:51
 ашықВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Элизабет Тұрсынбаева Канаданың клубтық турнирінде топ жарды

1 742 просмотра


Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева маусымды сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық коньки спорты федерациясына сілтеме жасап. 

Өткен демалыс күндері Канаданың Онтарио қаласында мәнерлеп сырғанау спортынан елдердің спорт клубтарының жарыстары аяқталды. Ерікті және қысқа бағдарлама бойынша, қазақстандық спортшы Элизабет Тұрсынбаева жарыс кестесінде жоғарылай түсті. Баршаға мәлім - Элизабет 2013 жылдан бері атағы жер жарып тұрған канадалық мәнерлеп сырғанаушы Брайан Орсердің тәрбиесін алып жүр. Алайда Қазақстан атынан өнер көрсетеді. Элизабеттің әкесі Байтақ Тұрсынбаевтың айтуынша, осы жолғы турнирде Канаданың ең мықты деген мәнерлеп сырғанаушылары өнер көрсеткен. Лиза Toronto CS&CC клубында өнер көрсетті. Қысқа бағдарламада ол 59,00 ұпай, ал ерікті бағдарламада 106,22 ұпай жинады. Қорытынды 165,30 ұпай қазақстандық спортшыға өзінің барлық қарсыластарының алдына шығуға мүмкіндік берді. Екінші орында Аманда Тобин (152,95), үшінші орында Эми ДЭСЭЛЬ (151,97).

Дереккөз: www.inform.kz

22 тамыз 2017, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.