Атырау, 25 сәуір 10:56
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Барселона маңында күдікті террорист өлтірілді

1 313 просмотра


Барселона маңында «жанкешті белдігін» байлаған ер адам атып өлтірілді. Бұл туралы Би-Би-Си хабарлады, деп жазады korrespondent.net. 

Бейсенбіден бері құқық қорғау органының өкілдері Барселонадағы шабуылға күдікті адамды іздестіруде. Соңғы оқиға Субиратс елде мекеніне апаратын жол бойында болғандығы айтылады. БАҚ өкілдері тәртіп сақшыларының «жанкешті белдігін» таққан адамның «Аллах Акбар» деп айқайлағандығын айтты деп жазды. Жарылғыш заттармен жұмыс істейтін мамандар ер адамға жақындау үшін арнайы роботты пайдаланды. Испаниялық қоғамдық телеарна тілшілері тергеуге жақын дереккөздеріне сүйене отырып, өлтірілген адамның полиция Барселонада теракт ұйымдастырған жүргізуші деп тіркеген Юнес Абуяакуб екендігін хабарлады. Осыған дейін полиция күдікті ретінде Рамбла ауданында адамдарды көлікпен басып кеткен 22 жасар Юнес Абуяакубты іздестіріп жатқандарын мәлімдеген болатын.

Дереккөз: inform.kz

22 тамыз 2017, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.