Атырау, 19 сәуір 00:34
 ашықВ Атырау +24
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Qazaq air Астана-Ақтөбе-Атырау бағыты бойынша жаңа тұрақты рейсін ашатыны туралы хабарлады

2 265 просмотра


Астана – Ақтөбе – Атырау тұрақты рейс ашылу 2017 жылдың 3 қыркүйегінен бастап әр бейсенбі мен жексенбі күндері бас қала тұрғындары Ақтөбе облысының әкімшілік орталығына заманауи Bombardier Q400 NextGen ұшақтарымен жете алады. 

Астанадан Атырауға ұшу билетінің құны алымдарымен қоса есептегенде 20 055 теңгені құраса, ұшу уақыты 1 сағат 55 минутты құрайтын Астана – Ақтөбе бағыты бойынша, алымдармен қоса есептегенде 15 766 теңгені құрайды. Qazaq air әуекомпаниясының басты мақсаты – аймақтарды байланыстыру. Сол себепті бұдан былай Шымкент пен Атыраудан Ақтөбеге қатынап жүрген рейстерге қоса, Астана – Ақтөбе – Атырау бағыты бойынша қатынайтын жаңа бағдар туралы қуана хабарлаймыз. «Ақтөбе – Батыс Қазақстанның маңызды қалаларының бірі екендігін атап, оның географиялық тұрғыдан өте қолайлы орналасқан мекен екендігін ерекше айтып кетуді жөн көріп отырмыз. Себебі бұл қала арқылы ақтөбеліктер ғана емес, мұнай астанасының тұрғындары да қол жетімді бағаға Астанаға оңайлықпен жете алады» – деді Qazaq air әуекомпаниясының коммерциялық директоры Адель Даулетбек. Qazaq air компаниясының билеттерін flyqazaq.com сайтынан, сату орталықтарынан немесе +7 727 356 1414 телефон нөмірі бойынша xабарласу арқылы брондап, сатып алуға болады. «Qazaq air» АҚ – Қазақстан Республикасындағы аймақтық бағыттарда қызмет көрсететін жаңа әуекомпания. 100% акциялары «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиесілі. Ұшақтар жиынтығы канадалық Bombardier компаниясының турбовинтті, сыйымдылығы 78 орынды, Q400 әуе кемелерінен тұрады. Qazaq air компаниясының екі жылғы ұшақтары Қазақстан әуе кеңістігінде ең жас флот болып табылады.

Дереккөз: 24.kz

21 тамыз 2017, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.