Атырау, 20 сәуір 11:56
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Оңтүстікке есе жіберіп алды

2 151 просмотра


20 тамызда Шымкентте футболдан ел чемпионатының 24-турында «Атырау» жергілікті «Ордабасымен» ойнады.

Меймандар ойынды жақсы бастады. 4-минутта Марат ХАЙРУЛЛИННІҢ берген пасымен Предрага СИКИМИЧ қақпашымен бетпен-бет келіп қалып, оны алдамақ болып, жалп етіп құлады. Бірақ төреші оның әртістік шеберлігіне ескерту берді. Төрешілер осы күні бұған қатаң қарайтын болған.

Жалпы бірінші таймда айтулы оқиғалар болмады, дегенмен, «Атырау» алаң иелерінен қызықтырақ көрінді. Ал кездесудің екінші жартысында шымкенттіктер жылдамдықты едәуір арттырды, меймандар бұған дайын болмай шықты. 68-минутта бұрыштан сәтсіз берілген доптан кейін ақ-жасылдар допты айырылып қалды. Оны «Ордабасы» шабуылшысы Рохер КАНЬЯС іліп әкетіп, бүкіл алаң бойына жүгіріп өтіп, Азат НҰРҒАЛИЕВҚА пас берді. Ол допты айып алаңына жүгіріп шыққан Еркебұлан ТҰҢҒЫШБАЕВҚА жолдады. Есеп 1:0 болды.

Осыдан кейін меймандар шабуыл жасауға тиіс болатын. Олар шабуыл жасады да, бірақ аса бір жалынсыз, нәтижесіз шабуыл болды. 97-минутта қарсы шабуылға тап болып, Таңат НӨСЕРБАЕВ «Ордабасының» пайдасына есепті 2:0 қылды.

Чемпионаттың келесі матчын «Атырау» 26 тамызда Кубок бойынша болашақ бәселекесі – алматылық «Қайратпен» өз алаңында өткізеді.

Марат ТАКУЛИН

21 тамыз 2017, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.