Атырау, 25 сәуір 13:14
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қырғызстанда зейнетақы өседі

1 401 просмотра


Қырғызстанда 2017 жылғы 1 қазаннан бастап зейнетақы көлемі артады, деп хабарлады Kabar Қырғызстан үкіметінің аппаратына сілтеме жасап. 

Қырғыз Республикасының премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков Үкіметтің зейнетақыға қатысты бірқатар қаулыларына қол қойды. Қырғыз Республикасы Әлеуметтік қор төрағасы Теңізбек Әбжапаровтың айтуынша, 2017 жылғы 1 қазаннан бастап республика бойынша орташа зейнетақы мөлшері 516 сомға артып, 5 517 сомды құрайтын болады. Өсіру тетігі мына үлгіде жүзеге асырылады: - 2017 жылғы 1 қазаннан бастап зейнетақының базалық бөлігі 1 780 сом болып белгіленіп, өсім 280 сомды құрайды; - зейнетақының сақтандыру бөлігі 240 сомнан кем емес 1,05 мөлшерінде коэффициентке индекстеледі. Индекстеу коэффициенті инфляция өсімін, өткен жылғы жалақы өсімін ескеріп есептелді. Бұл ретте 2016 жылғы 1 қазаннан бастап 31 желтоқсан аралығы кезеңіне тағайындалған зейнетақы үшін 2015 жылғы зейнеткердің ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес - 4 637 сом көлемінде, 2017 жылы тағайындалған зейнетақы үшін 2016 жылғы зейнеткердің ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес - 4 304 сом көлемінде белгіленді.

Дереккөз: inform.kz

21 тамыз 2017, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.