Атырау, 29 наурыз 01:46
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Экспо шығыны: 10 пайызы ғана ақталды», «Испания полициясы: "Үшінші теракт бола жаздады"», «Кремльдің губернаторлар сайлауындағы "сүзгісі"», «Қазақстанды алманың арғы отаны атайды», «Қырғызстан сайлауына көлеңке түсірген кек алу».

2 428 просмотра

azattyq.org. «Түркіменбашының "сұр кардиналы" түрмеде өлді» - Мәскеудегі "Мемориал" құқық қорғау орталығының Орталық Азия бағдарламасының жетекшісі Виталий Пономаревтің сөзінше, туыстарына Реджебовтің тамыздың 10-ында тромбоз дертінен өлгені хабарланған.

«Кремльдің губернаторлар сайлауындағы "сүзгісі"» - Ресейдегі тәуелсіз саяси тұлғалардың бірі, елдің төртінші ірі қаласының мэрі Евгений Ройзман алдағы губернаторлар сайлауында тағы жеңіп шығатынына шүбә келтірмейді, егер сайлауға қатыстырылса, әрине.

«Қазақстанды алманың арғы отаны атайды» - Осы аптада Батыс басылымдарындағы Қазақстан тақырыбы алғашқы алмалар қазіргі Қазақстан территориясында өскен деген мәлімдемелерді жариялаумен жалғасты.

«Испания полициясы: "Үшінші теракт бола жаздады"» - Испанияның Барселона қаласындағы қанды терактілерді АҚШ, Қазақстан және өзге елдер айыптады. Астана Барселонада қаза тапқандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін хабарлады.

«Екатеринбург мұсылмандары мешітті бұзуға қарсы» - Қыркүйектің 1-іне қарай Орал округі арбитраждық сотының шешімі бойынша Екатеринбург қаласының орталығында орналасқан «Нур-Усман» мешіті бұзылуы керек.

«Қырғызстан сайлауына көлеңке түсірген кек алу» - Тамыздың 16-сы күні "жемқорлық" айыбымен сегіз жылға сотталған Омурбек Текебаев биыл күзде Қырғызстанда өткелі жатқан президент сайлауына қатыспақ болған.

zhasalash.kz.  «Экспо шығыны: 10 пайызы ғана ақталды» - ЭКСПО-ны көрді деген шетелдік туристердің өздері ресми санаққа күдікпен қарайды. Мәселен, америкалық журналист Джеймс Палмер Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесін сынап, Foreign Policy журналына мақала жазып, «көпшілік павильондарда қызмет көрсетушілерден басқа ешкім жоқ. Тек Қытай, Германия, АҚШ секілді ірі елдердің павильондарында ондаған адам болды. Көрмедегі үш адамның екеуі бейджик таққан», – деген еді.

nur.kz. «"Несие алу - анаңмен зина жасағандай күнә" деген шулы уағызға мүфтият жауап берді» -  Ғаламтор желісінде танымал имам Әбдіғаффар Смановтың несие туралы айтқан уағызы тарап кетті.

qazaqtimes.com. «Өзбекстан белсенділері Кәрімова қаржысын елге қайтару үшін «Қазақгейт» тәжірибесін пайдаланбақ» -  Өзбекстан экс-ханшайымының әлемнің 12 еліндегі қаржысына кімдер таласып жүр? 








21 тамыз 2017, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.