Атырау, 25 сәуір 12:39
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Ислам мемлекеті» террорлық тобы 2 мың жасөспірімді күшті дайындықтардан өткізуде

1 520 просмотра


Таяу Шығыста өздерін «Ислам мемлекеті» деп аталатын террорлық ұйым артқа шегінді. Таяу Шығыс елдеріндегі ұшыраған сәтсіздіктер «Ислам мемлекеті» ұйымының табан тірер тиянағын азайтты. 

Алайда, бұған қарамастан аталған террорлық топ өзінің ең жас жауынгерлерін күшті жаттығулармен әзірлеп жатыр. Бұл туралы BBC-дің ресми сайты хабарлады. 

Мәліметтерге сүйенсек, «Ислам мемлекеті» террорлық тобы өзінің 2 мыңнан аса жасөспірім соғыс жасақтарын күшті дайындықтан өткізуде. Оларды алдағы уақытта түрлі террорлық шабуылдар мен соғыстарға пайдаланбақ екен. Тіпті әлемнің жер-жеріне жекелеген міндеттермен таратып жіберуі де мүмкін», - дейді Би-Би-Си хабарында. Аталған арнаның журналистері кезінде террорлық ұйымға алданып солардың қатарында соғысқан, кейін Еуропаға қашып кеткен бірнеше жаспен арнаулы сұқпат өткізген. Жоғарыда аталған мәліметтерді олар осы сұқбат барысында айтып берген. 

Дереккөз: qazaqtimes.com


21 тамыз 2017, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.