Атырау, 29 наурыз 07:15
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Пышақтасудан кейін қашып кеткен полицей ұсталды

2 220 просмотра

Пышақтасудан кейін шенеунік полицей бір аптадан астам уақыт бойы қашып жүрді. Ұстауды мән-жайы хабарланбайды.

Пышақ жарақатын салды деген күдікке ілінген  Жамбыл облысы ішкі істер департаменті басқармасының бастығы Мұрат Үмбетәлиев ұсталды, деп хабарлады өңірлің ІІД баспасөз қызметі. 

"Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің жедел қызметкерлері Мұрат Үмбеталиевті ұстады. Қазіргі уақытта ұсталған бұлтарпау шарасын таңдау үшін Бас прокуратурасы арнайы тобының жетекшісіне берілді", — делінген хабарламада. 

10 тамыз күні түнде бірігіп ішімдік ішкен соң бұрынғы полиция қызметкері Жетпісбаев, Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті басқарма басшылары  Үмбетәлиев және Бектұрғанов арасында кикілжің туындап, арты төбелеске әкеліп соққан. Аталған дерек бойынша "Адам өлтіруге талпыну" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Министрлік атап өткендей, Бектұрғанов уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал Үмбетәлиев қашып кеткен болатын. 

Дереккөз: sputniknews.kz

19 тамыз 2017, 21:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.