Атырау, 25 сәуір 03:09
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Иранның Сириядағы зымыран фабрикасы Израильді қорқытты

2 113 просмотра

Ирандағы және Сириядағы зымыран өндіретін орындардың суреттері. Фото: Ewoow.


Израиль мемлекеттік каналының хабарлауына қарағанда, Иран Сирияның Жерорта теңізі жағалауында зымыран өндіретін фабрика салған. 

Израиль жақ жерсеріктерден түсірілген суреттерге талдау жасай келе, Жерорта теңізі жағалауындағы орналасқан Баняс ауданындағы фабрика құрылысын "зымыран өндіруге арналған" деп тұжырымдаған. Бұл туралы "Түрік Теле-Радио" қызметінің ресми сайты жазды. Ғарыштан түсірілген суреттерге талдау қорытындысы бұл жердегі құрылыстардың Иран орталық қаласы Теһран (Тегеран) маңындағы зымыран өндіруші фабриканың құрылыс жобасымен бүтіндей ұқсас екенін алға тартады. Осыған қарай отырып, Израиль үкіметі Иранды "Сирияда зымыран өндіріп отыр" деп қарайды. Израиль жақ Иранның Сирия жеріндегі ықпалының артып кетуіне тіс-тырнағымен қарсы. Израильдың үкімет басшысы «Иранның Сирияда әсіресе елдің оңтүстігінде әскери әрекет жасауына мүлде жол бермеу керек» деген сөзі бар. Олар Сирия мен Израиль шекарасында Иран және оны қолдаушы күштердің бел алып кетуінен қауіптенеді. Сол үшін Иранның Сириядағы барлық қадамын қалт жібермей бақылаумен келеді.

Дереккөз:qazaqtimes.com

18 тамыз 2017, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.