Атырау, 25 сәуір 06:19
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Каталонияда төрт террористің көзі жойылды

1 928 просмотра


Каталония полициясы Испанияның Камбрильсе қаласында Барселонадағыдай лаңкестік жасамақшы болған төрт террористің көзін жойды. 

Бұл туралы ТАСС EFE агенттігіне сілтеме жасап хабарлады. Оның ақпараты бойынша, тағы бір террорист жарақат алған. Содырлардың барлығына жанкешті белбеуі тағылған, деп хабарлайды агенттік. La Vanguardia газеті бұдан бұрын полицияның шабуыл жасауға дайындалып жүрген бірнеше лаңкесті зиянсыздандырғанын жазған еді. Сондай-ақ, бұдан бұрын құқық қорғау органдарының арнайы операция жүргізіп жатқандығы белгілі болған. «Камбрильседе полиция операциясы жүргізілуде, ол террористік әрекетпен байланысты болуы мүмкін. Егер сіз Камбрильседе болсаңыз, үйіңізден шықпаңыз», - делінген полицияның Twitter-дегі хабарламасында.


Дереккөз: kazinform.kz

18 тамыз 2017, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.