Атырау, 18 сәуір 12:48
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Елбасы Барселонада болған терактіге байланысты Испания короліне көңіл айтты

1 716 просмотра


Қазақстан Президенті Испания Королі VI Фелипеге Барселона қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысы террорлық акт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы бағытталған бұл жантүршігерлік әрекетті қатаң айыптайды және терроризммен күресте жаһандық ынтымақтастықты кеңейтуді қолдайды», - делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына, барша испан халқына, сондай-ақ Испания Королі VI Фелипеге көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Дереккөз: kazinform.kz

18 тамыз 2017, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.