Атырау, 24 сәуір 18:36
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«Ресейдің Қазақстанға "көл сыйлауы" шу болды», «Қазақстан «дәстүрлі емес» дін өкілдерін қудалауды күшейтті», «Қазақстанның 100 киелі нысаны анықталды», «Ұшақтағы дау неге дүрмек туғызды?», «Теңге курсына әсер етуші факторлар қандай?».

1 875 просмотра

azattyq.org. «Ресейдің Қазақстанға "көл сыйлауы" шу болды» - Ресейлік әлеуметтік желілерде "Мәскеу шекараны демаркациялау кезінде Қазақстанға Сладкое көлінің қалған бөлігін беріпті" деген хабар қызу талқыланды.

 «Білім гранты мәселесін даусыз шешудің жолы бар ма?» - AzattyqLIVE жоғары оқу орнына (ЖОО) түсу үшін бөлінген мемлекеттік білім гранттарын бөлуден шыққан биылғы және жыл сайынғы дау мәселесін тікелей эфирде Астана уақытымен сағат 14:00-де талқылайды.

 «Қазақстан «дәстүрлі емес» дін өкілдерін қудалауды күшейтті» - АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Халықаралық діни бостандық жөніндегі 2016 жылға арналған жыл сайынғы есебін жариялады.

«Ұшақтағы дау неге дүрмек туғызды?» - Әлеуметтік желілерде Оғыз Доған есімді азаматтың «Air Astana компаниясы ұшағында түсірілді» деген және әуе компаниясының оның мемлекеттік тілде қызмет көрсету талабын орындамағыны туралы мәлімдемесі жазылған бірнеше видео тарады.

qazaqtimes.com. «Путинге екінші Каддафи не үшін қажет?» - Жақында Мәскеуге Ливия ұлттық әскерінің қолбасшысы Халифа Хафтар ресми іс-сапармен келді. 

«Бауырлас қырғыз-өзбек татулыққа бет бұрды» - Қырғыз орталық қаласы Бішкекке Өзбекстан премьер-министрі келіп, екі үкімет арасында жаңа кеңес орнап отыр. 

Түрік пен орыс одағынан не қайыр?» -  Түркияның Батыстан бет бұрып, аймақтағы елдермен – араб елдері, түркі елдерімен және Ресей, Иран, Кавказ өңірімен болған қарым қатынасын нығайтып жатқанын байқаймыз. 

turkystan.kz. «Қазақстанның 100 киелі нысаны анықталды» - ҚР Ұлттық музейі жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасының 100 нысанының тізімін ұсынды.

abai.kz. «Исатай мен Махамбетті Жайықтан өткізген Құрақ Маябасов» - Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс тарихы сөз болғанда Құрақ Маябасовтың есімін атамай кетуге болмайды. 

qazaquni.kz. «Теңге курсына әсер етуші факторлар қандай?» - Тамыз айының басында теңге курсы антиресейлік санкциялар қысымына ұшыраған рубльге белсенді әрекет көрсетті. Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктесі болғандықтан, теңге курсы ресейлік рубльдің құбылмалылығын айтарлықтай сезінеді.

 

 



 

 


 

 

 




 

17 тамыз 2017, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.