Атырау, 23 сәуір 15:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Спорт жаңалықтары

2 712 просмотра

ДЗЮДО


Атыраулық спортшы Серікболсын ШЫНТАС кадеттер арасындағы (18 жасқа дейін) дзюдодан өткен әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді. 

Чемпионат 9-13 тамызда Чилидің астанасы Сантьяго қаласында өтті, оған 64 мемлекеттен 428 спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде Серікболсын ұлттық құрама қатарында 81 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Алдын ала жекпе-жекте Даниэле Аккольемен (Италия) және Владимир Ахалкацимен (Грузия) белдескен Серікболсын басым түсті. Алайда, ширек финалда Бенедек Тоттан (Венгрия) жеңіліс тапты. Дегенмен де, Серікболсын қола алқа алу мүмкіндігін жіберіп алмады. Ол алдымен ширақ қимылдап, тайпейлік палуан Чен-Ан Хсудан айласын асырып, содан соң тәжік дзюдошысы Жоһангир Маджидовті жеңіп (екеуінде де таза жеңіс - «иппон»), әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ


17 тамыз 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.