Атырау, 24 сәуір 21:18
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Таныс болыңыз: жаңа әкім!

2 803 просмотра


Атырау облысында 48 ауылдық округ әкімі лауазымына барлығы 135 үміткер тіркелген, соның ішінді 32-сі лаузымдарын атқарып жүрген әкімдер. Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асау ИБРАШЕВТЫҢ айтуынша, осы 32 үміткердің 28-і кері сайланды.

- Сайлау өз деңгейінде өтті деп ойлаймын. Сайлауға түсушілер арасында белсенділік байқалады, - дейді А.Ибрашев.

Әкімдердің ең жасы - 28-де, олардың саны үшеу.  Сондай-ақ, сайланған 48 әкімнің үшеуі әйел. Олар: Исатай ауданы Исатай ауылдық округінен сайланған Ұлболсын ХИСЫМ, Құрманғазы ауданы, Асан ауылдық округінен - Гүлім ҚАБДРАЖИТОВА, Сафон ауылдық округінен сайланған Роза ҚАМЗАЕВА. Естеріңізге салсақ, әзірге ауыл тұрғындарына өз әкімдерін сайлауға мүмкіндік берілмей отыр, олар үшін жергілікті депутаттар сайлайды.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Суретті түсірген автор

16 тамыз 2017, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.