Атырау, 29 наурыз 20:19
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Полиция полицияға пышақ ұрды», «Менттер кодын бұзу», «Осы жолы бәрі бітеді», «Белсенді ҰБТ нәтижесін күнбе-күн жариялауды ұсынады», «Қорым қазумен іс ітпейді», «Техникалық ақау болғаны рас па?».

1 665 просмотра

zhasalash.kz. «Полиция полицияға пышақ ұрды» - Түн жарымында Тараздағы мейрамханалардың бірінен ішімдікке сылқия тойып шыққан лауазымды полицейлердің көшеге шығып бірін-бірі пышақтаған оқиғасы бейғам жатқан жұртты дүр сiлкiндiрді.

 «Менттер кодын бұзу» - Немесе полиция реформасын неден бастау керек?

«Қорым қазумен іс ітпейді» - Қарап тұрсаң, көненің көзіндей мағыналы мұралар жерімізде жетіп-артылады. Бірақ солардың қадірін ең әуелі өзіміз біліп, сонымен бірге өзгелерге де ұқтыра алып жатқанымыз шамалы.

«ҰБТ – ұлттық бірыңғай тәлкек» - Жылда осы: айқай-шу, өзіне-өзі қол салу, сауатсыз сұрақтар, жылаған жас, күрсінген ата-ана, реформашыл министр. Қанша жыл өтсе де, бірде-бір рет тыныш тестілеу өткізе алмай-ақ қойдық.

365info.kz. «Осы жолы бәрі бітеді» - Сарапшы Ресейге салынатын санкцияның сұмдық құпиясын ашты.

«Техникалық ақау болғаны рас па?» - Гранттың тізімі шыға салысымен шу шықты.

azattyq.org. «Белсенді ҰБТ нәтижесін күнбе-күн жариялауды ұсынады» - Қазақстанда биыл 14-мәрте өткен ҰБТ-дан кейін қорытынды тізімнен дау туып, білім және ғылым министрлігі түлектерге бөлінген ЖОО гранттарының екінші мәрте жаңа тізімін жасауға мәжбүр болды.

 abai.kz. «Ресейге АҚШ салған санкция Қазақстанға әсер ете ме?» - Өзінің агрессиялық сыртқы саясатымен «жексұрын» елге айналған Ресейге қарсы Америка Құрама Штаттары салған соңғы санкциядан туындайтын «сауда соғысы» Қазақстанға да қатер төндіруі мүмкін.

«Cмағұл Елубай. Киноның қиын асуы» - «Кеңестік кертартпалық» демекші, санада қалған сол бір бодан құбыжықтар бүгінде алға басқан аяғымызды кері тартып, ұлтты ұйысуға шақырған бостан сананы бұғаттағысы келеді. Қазақ қоғамындағы бұл құбылысқа етіміздің өліп кеткені сон­ша, біз тіптен олардан шошып, серпіп, сіл­кіп тастаудың орнына, көзіміз бақы­райып отыра беретін болдық.

informburo.kz. «Белсіз қалсаң, дертті болсаң саумал іш» -  Ол – адам ағзасын емдейтін бірегей дәрумен.







15 тамыз 2017, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.