Атырау, 25 сәуір 03:36
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Air Astana жолаушысына үстелшені жинамағаны үшін айыппұл салынды

1 786 просмотра


Ер адам Астана-Алматы әуе рейсі бортында үстелшені жинап қоюдан бас тартып, қауіпсіздік ережесін сақтамаған.

Air Astana жолаушысы қауіпсіздік ережесін сақтамағаны үшін айыппұл төлеуге міндеттелді.

Әуе тасымалдаушысының баспасөз қызметі 14 тамызда Астана-Алматы рейсі бортында болған оқиға туралы пікір білдіріп, ұшақтың төмендеген сәтінде жолаушылардың бірі үстелшені жинаудан бас тартқандығын мәлімдеді.

"Бұл ереженің орындалмауы жолаушының зақым алуына әкеп соғуы мүмкін, сол себепті міндетті түрде сақталуға тиіс. Әуе компания борт серіктері жолаушыдан үстелшені жинауды үш тілде сұраған, бірақ жолаушы аға борт серігін шақыруды талап етеді. Ал ол Алматыға қонуға ұшақты әзірлеп, қолы бос болмаған", — деп түсіндірді әуе компания баспасөз қызметі.

Air Astana қазақ тіліне аса құрметпен қарайтындықтарын айтты. Борт серіктері жұмысқа тұрмастан бұрын мемлекеттік тілде тест тапсырады.

Дереккөз: sputniknews.kz

15 тамыз 2017, 14:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.