Атырау, 29 наурыз 10:02
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Клуб үйірмелері тегін

Сурет Бейнежазба
6 633 просмотра


Жақында Нұрсая ықшам ауданында «Достық» аула клубы ашылды. Бұл жерде балалар теннис, қолөнер, өлкетану, шахмат, гитара, ағылшын тілі үйірмелері бойынша тегін оқи алады (соңғы екі үйірме бойынша ересектер де сабақ алуда).

- Бұл үйірмелердің барлығы жастар саясаты басқармасының мемлекеттік тапсырысы негізінде қолға алынған, - дейді жобаның жетекшісі, «Нұр белес» қоғамдық бірлестігінің директоры Салтанат ӘДІЛЖАНОВА. Адамдарға ұнап жатыр.

Мәселен, Бағила МЫРЗАҒАЛИЕВА бұл жерде тенниске де, шахматқа да, ағылшын тілі үйірмесіне де қатысып жүр:

- Әсіресе, маған теннис ұнайды. Бұл жерде көп нәрсені үйрендім.

13 жастағы Айбек МЫРЗАҒАЛИЕВ шахмат әуесқойы:

- Алғаш мұнда келгенімде әлі «білетінім бір тоғыз» екеніне көзім жетті. Тәжірибе жинақтап, көптеген достар таптым. Жазғы демалысымның үйренумен өтіп жатқанына қуаныштымын.


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

15 тамыз 2017, 13:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.