Атырау, 25 сәуір 11:33
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Букмекерлік кеңседе оқ атқандар жазаланды

2 683 просмотра

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты биылғы жылдың ақпанында Құлсары қаласындағы букмекерлік кеңсеге келушілерге шабуыл жасаған Жылыой ауданының үш тұрғынына үкім шығарды.

Зардап шегушілер Е. мен А. «Евроспорт» букмекерлік кеңсесінде отырған кезде, қолдарына қару мен сойыл ұстаған үш адамның кіріп келіп, оларды ұра бастағаны, содан соң оларға қарудан оқ атқаны белгілі болды. Осыдан кейін қаскөйлер ғайып болған. Ал Е. мен А. бытырадан көптеген жарақат алған.

Ішкі бақылау камерасындағы бейнежазба айыптауға негіз болды. Сот оқ атушыны Қылмыстық кодекстің 24 және 99 (бұзақылық ниетпен басқа адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен адам өлтіруге оқталу) және 287-бабы (қаруды заңсыз сақтау немесе алып жүру) бойынша кінәлі деп танып, 15 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Оның екі сыбайласы 293-бап (атыс қаруы қолданылған бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы берілді. Үкім заңды күшіне енді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 тамыз 2017, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.