Атырау, 20 сәуір 12:48
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Орталықтағы дүрбелең

2 193 просмотра


Сәтпаев даңғылындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында үші күннен бері халық лық толы. Уақытша тұрған жерлеріне тіркелгісі келгендер көбейіп кеткен екен.

– Менің алдымда 30 адам кезекте тұр, бұл жерде отырғаныма төрт сағат болды, - дейді Сәуле апа. – Қонаққа келген сіңлімді тіркегім келген. Оған қаланы аралатып, жағажайға апарамын деп едім, демалудың орнына уақытымызды осы жерде жоғалтып отырмыз ғой.

Дегенмен, әңгіме тек уақытша тіркеуге ғана қатысты емес.

– Шынымен де, қазір басқа жақтан келіп демалатындар көп, оларға тіркелу керек. Екіншіден, көпшілігі әлі күнге дейін тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелмеген. Қазір ата-аналар балаларын мектепке орналастырулары керек, сол үшін де осы дүрбелең орын алуда. Дерекқор бағдарламалары жүктемені көтере алмай, оларды қайта жүктеп қосуға тура келеді, - деп орталықтағылар ахуалды түсіндірді.

Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген автор

14 тамыз 2017, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.