Атырау, 19 сәуір 17:49
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Тең ойын

2 482 просмотра


13 тамызда футболдан ел чемпионатының 23-турында «Атырау» павлодарлық «Ертісті» қабылдады.

Алаң иелері ойынды сергек бастады. Шамасы, чемпионат үзілісі кезінде команда жаттыққан Мәскеу түбіндегі оқу-жаттығу жиындарының пайдасы тиген болуы керек. Алғашқы минуттарда-ақ, Предраг СИКИМИЧ жоғарыдан берілген допты қабылдап, Владимир ДВАЛИШВИЛИГЕ баспен асырды. Ал ол әдемі етіп қақпаға қарай соқты. Алайда «Ертістің» қақпашысы Давид ЛОРИЯ өз орнынан табылды.

Дегенмен, меймандар қарыздар болып қалмады. Сол жақ қапталдан стандарт орындаған «Ертістің» жартылай қорғаушысы Аслан ДАРАБАЕВ әуелетіп айып алаңына соғудың орнына күтпеген жерден қақпаның алыс бұрышына қарай доп соқты. Жасур НАРЗИКУЛОВ допты әрең деп бұрышқа қарай тойтарып жіберді. «Атыраудың» бастапқыдағы екпіні тез басылып қалды. Ал, керісінше, меймандар күш ала бастады. 9-минутта «Ертістің» жартылай қорғаушысы Карлос ФОНСЕКА сол жақ қапталмен бұзып жарып, Дарабаевқа доп берді, алайда бұған кедергі болған Айбар НҰРЫБЕКОВ оны өз қақпасына сала жаздады.

Ақ-жасылдар ойынды тек бірінші таймның ортасында ғана өз қолдарына алды. Үзіліс ысқырығы естілгенше оларда үш қолайлы сәт туындаған еді. Алдымен Эльдар ӘБДІРАХМАНОВ қапталдан жылдамдатып допты Марат ХАЙРУЛЛИНГЕ берді. Капитан допты қақпаға салуға әзір еді, бірақ Лория допты оның аяғынан жанталаса алып қойды. Содан соң бұрыштан берілген допты Юре ОБШИВАЧ баспен қақпаға қарай соқты. Бірақ меймандар қақпашысы тағы да дарытпады. Таймның аяғына қарай Хайруллин айыппұл алаңына кіріп, Двалишвилиге ептілікпен доп берді. Алайда ол жақын бұрышқа доп салатындай көрінген. Алайда сол кеште Лория керемет шеберлік көрсетіп, тағы да өз командасын құтқарып қалды. Екінші таймда ойын қарқыны едәуір төмендеп, екі қақпада да қолайлы сәттер аз болды. Сергей ПАВЛОВТЫҢ нұсқауымен біздікілер ойын аяғына қарай «тіріле» бастады. Ең жақсы мүмкіндік 76-минутта орын алды: Сикимич жоғарыдан берілген допты қабылдап, секіріп баспен қақпаға қарай соғып жіберді, бірақ қақпаның сыртқы маңдайша бұрышына тиді. Қосымша берілген уақытта Шавкат САЛОМОВ айып алаңына кіріп, Сикимичке өкшесімен пас берді. Сикимич допты жүгіріп келген Лориядан асырып жіберуге тырысты, бірақ ол кеудесімен дарытпады. 

Нәтижесінде – есеп 0:0. Енді «Атырау» 25 ұпаймен кестенің 9-шы орнында тұр. Келесі матчты біздің команда 19 тамызда шымкенттік «Ордабасымен» сырт алаңда ойнайды.

Марат ТАКУЛИН

Суретті түсірген автор

14 тамыз 2017, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.