Атырау, 25 сәуір 17:32
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Ресейге салынған жаңа санкциялар мен Қазақстандағы батыс инвесторлары», «Білім грантынан қағылғандар министрлікке тағы барды», «Путиннің тағына кім отыруы мүмкін?», «Белгілі сарапшы АҚШ санкцияларының Қазақстанға әсері туралы айтты».

1 769 просмотра


azattyq.org. «Ресейге салынған жаңа санкциялар мен Қазақстандағы батыс инвесторлары» - Financial Times газеті Қазақстан мұнайын Ресей арқылы экспорттайтын мұнай компанияларына Ресейге салынған жаңа санкциялардың кесірі тимейді деп санайды.

«Білім грантынан қағылғандар министрлікке тағы барды» - Сенбі күні ондаған ата-ана, бұрынғы мектеп түлектері және олардың туыстары Қазақстан білім және ғылым министрлігі алдына жиналып, білім гранттарын бөлуге қатысты наразылығын айтты. Оларды министр Ерлан Сағадиев қабылдады.

«Президентпен кездесуге әзірліктің әуресі» - Тәжікстандықтар календарында жылдың төрт мезгілінен бөлек, "президентті қарсы алуға дайындық" деген тағы бір маусым пайда болды.

 abai.kz. «Путиннің тағына кім отыруы мүмкін?» - Ресей басшысы Путиннің қатардағы орыстар арасындағы абыройы өте жоғары. Путин өз еліндегі орыстарының империялық пиғылын тап басып таба білді.

aikyn.kz. «Қазақстан fintech нарығын қалай игеруде?» - Қаржы технологиялары өмірімізге еніп келе жатқаны соншалық, ол бүкіл адамзаттың күн тәртібін толық өзгертіп жіберуге қауқарлы.

«”Алтын белгі” иегерлерінің жеңілдігі жойылады» – «Алтын белгі» иегерлері қолданыстағы заңға сәйкес, жеңілдік алатын санатқа жатады. Әйткенмен, министрлік олардың ҰБТ балдарын өзге талапкерлердікімен теңестіретін заң жобасын енгізді. Бірақ ол әлі қабылданған жоқ. Жаңа заң күзде қабылданады деп күтіп отырмыз, сонда «Алтын белгі» иегерлеріне берілетін жеңілдіктер жойылып, басқалармен тең дәрежеде қарастырылады, – деді Гүлзат Көбенова.

qazaquni.kz. «Белгілі сарапшы АҚШ санкцияларының Қазақстанға әсері туралы айтты» - Негізгі басымдылық Шығыс Еуропа елдеріне, ТМД-ның еуропалық бөлігіне және Кавказ елдеріне жасалып отыр. Алайда бұл санкциялардың әсері Қазақстанға да тиіп отыр, – деді сарапшы.

ult.kz.  «”Шейх Халилдің” шырғалаңы» - Абдухалил Абдужаббаров «Шейх Халил» лақап атымен көпке танымал. Шілденің 25-інен бастап оның ісі Орал қалалық сотында қаралуда. ҚР Қылмыстық Кодексінің 164-бабы бойынша Абдухалил Абдужаббаров «діни өшпенділікті қоздырғаны үшін» деп айыпталуда.

«Абылай хан: аңыз бен ақиқат» - Абылайдың атасы әуел баста «Абылай-Жолбарыс» атанған, оның «қанішер» атануына, шежіре деректеріне қарағанда, Қайып ханды өлтіруі себеп болған. Қайып та Есім ханның тұқымы.






14 тамыз 2017, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.