Атырау, 18 шілде 00:10
Түнде ашық+25, таңертең +32
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 342.49  € 400.85  P 5.51

АҚШ-тың Шарлотсвилл қаласында төтенше жағдай жарияланды

13 тамыз 2017 11:12

АҚШ-тың Шарлотсвилл қаласындағы қақтығыстардың ушығуына байланысты Вирджиния штатының губернаторы шаһарда төтенше жағдай жариялады. 

Оған қоса ереуілді заңсыз деп атап, тәртіп сақшыларының оны тарқатуына рұқсат берді. Мұндағы жағдай биліктің шаһар саябағындағы Конфедерация генералы Роберт Лидің ескерткішін алып тастау туралы шешімінен кейін ушыққан. Себебі ақ нәсілділер өздері мақтан тұтатын тұлғаға қойылған белгінің орнында қалғанын қалайды. Ал оны сүріп тастауға бекінгендердің айтуынша, ескерткіш құлдық дәуірді еске салады. Осылайша пікірі екіге бөлінген жұрт бір-біріне жұдырық ала жүгірді. Қақтығыс кезінде жараланғандар бар. Іске полиция араласып тараптарды тарқату үшін көз жасаурататын газ қолданды. Тіпті тәртіпке бағынбағандарды қамауға алған.

Дереккөз: 24.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

823 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Мексиканың 22 штатында аптап ыстыққа байланысты төтенше жағдай жарияланды  270 рет қаралды

Семейде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды  340 рет қаралды

​АҚШ-тың Остин қаласында бір күнде екі жарылыс болды  343 рет қаралды

Мексикада жер сілкінісі салдарынан төтенше жағдай жарияланды  379 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6