Атырау, 16 сәуір 15:47
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Желмен келген иіс

2 283 просмотра


10 тамызда «АЖ» редакциясы экология департаментіне 9 тамызда атмосфераға тасталған зиянды заттар шығарындысына қатысты сауал жолдады. Бұл шығарындыны Жұмыскер мен Атыраудың басқа аудандарының тұрғындары сезінген еді.

Департаменттен келген жауапқа сүйенсек, 9 тамызда жағымсыз иіс Нұрсая, Авангард, Жұмыскер және Балауса ықшамаудандарында сезілген. Экологтар өнеркәсіптік аймақтарға маршруттық зерттеу жүргізіп, «Қазгидромет» РМК филиалынан ақпарат алған.

Сол күні солтүстіктен жел соғып тұрды. Ол жерде қаланың оң жақ жағалау бөлігіндегі «ҚазТрансОйл» ЖШС БФ АМБ, «КТК-К» АҚ, «Вест Дала» ЖШС, «Арнаулы автобаза» ЖШС және булану алаңы орналасқан.

«Қазіргі уақытта жоғарыда аталған кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізілуде, олардың нәтижесі бойынша әрекет ету шаралары алынатын болады», - деп хабарлады экология департаменті.

Анастасия АЛЮШИНА

12 тамыз 2017, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.