Атырау, 20 қазан 23:09
Таңертең ашық+10, күндіз +13
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 334.11  € 394.65  P 5.81

Тараздағы қанды қырғын. ІІД жоғары лауазымды қызметкері әріптестерін пышақтаған

11 тамыз 15:18


Жамбыл облыстық ІІД ғимараты Таразда ІІД-нің ішімдікке сылқия тойған жоғары лауазымды қызметкері әріптестерін пышақтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап. 

Қазір ол іздеуде жүр. Ведомство мәліметінше, оқиға 10 тамызда сағат түнгі екіде болған.  "Биыл 10 тамызда түнгі уақытта спирттік ішімдік ішу кезінде полицияның бұрынғы қызметкері М.Ж.Жетпісбаев, Жамбыл облыстық ІІД-нің Басқарма басшылары М.И.Үмбетәлиев пен Е.О.Бектұрғанов қақтығысып, кейін ол төбелеске ұласқан. Салдарынан Үмбетәлиев М.Жетпісбаевқа пышақ салған, Бектұрғановқа пышақпен жарақат салған", - деп хабарлады ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев. Айтуынша, осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99 және 24-баптары бойынша ("Адам өлтіруге оқталу") соталды тергеу басталғаны белгілі болды.  "Қазіргі уақытта М.И.Үмбетәлиевті ұстауға бағытталған шаралар жүргізіліп жатыр. Ал Е.О.Бектұрғанов уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада. ІІМ өкілі қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын, сондай-ақ, Жамбыл облыстық ІІД басшылығын жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатқанын айта кетті.

Дереккөз:tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

577 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Енді Жанбайда құқық бұзушылық азаяр  736 рет қаралды

Шымкенттік қылмыс әлемінің серкесі Ресейде ұсталды   368 рет қаралды

Түнде Ақтауда төтенше жағдай болды: Арнайы қызмет атысқандарды ұстады   607 рет қаралды

​25-31 тамызда Атырауда өтетін мәдени шаралар  280 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5