Атырау, 23 шілде 14:38
Кешке ашық+31, түнде +28
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 346.68  € 404.02  P 5.47

​Ұлттық бюро: Әблязовтың сыбайласы Қазақстанға өз еркімен келді

11 тамыз 2017 10:46

Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "БТА Банк" қаржысын жымқыру бойынша қылмыстық істегі күдіктілердің бірі Ержан Қадесов Венгриядан Қазақстанға оралды деп хабарлады. Бюро ақпаратына қарағанда, Қадесов Будапешттен 24 шілдеде "өз еркімен" оралған. Бұл іс бойынша 7 маусымда Алматы соты "БТА Банктің" бұрынғы басқарма төрағасы, шетелде тұратын оппозициялық олигарх Мұхтар Әблязовті сырттай 20 жылға соттаған.

Әблязов "БТА Банкті" басқарып тұрған тұста банктің проблемалық несиелер басқармасы бастығының орынбасары болған Қадесовке 2009 жылы сырттай айып тағылып, халықаралық іздеу жарияланған. Ресми мәлімет бойынша, 2016 жылы оның Будапеште екені анықталып, ұсталған.

"Қадесов өз кінәсін толық мойындап, Әблязовтің "БТА Банк" қаржысын қалай жымқырып, ізін жасырғанын және Қазақстаннан банк пен өзіне бағынышты компаниялардың қызметкерлерін қалай шығарғаны туралы егжей-тегжейлі мағлұмат беріп отыр" делінген.

Коррупцияға қарсы қызмет Қадесовтің тергеу органдарына болысқанын ескеріліп, оны қамау түріндегі бұлтартпау шарасын кепілге босатумен алмастырылғанын және оған қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатқанын айтады.

Дереккөз: azattyq.org

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

686 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Жеті банкпен келісім жасалды  467 рет қаралды

Ұлттық банк Астана банкіне қарыз беруден бас тартты  211 рет қаралды

«Астана Банкі»: депозиттердің 99,9% сақтандырылған, бірақ тәулігіне 50 000 немесе айына 100 000 теңге беріледі  686 рет қаралды

"7-20-25" бағдарламасы бойынша баспана алу үшін не істеу керек?  451 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6