Атырау, 21 шілде 16:56
Кешке ашық+32, түнде +27
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 345.55  € 401.01  P 5.45

Трамп: Солтүстік Корея үлкен келеңсіздікке ұшырайды

11 тамыз 2017 10:42

АҚШ президенті Дональд Трамптың бейсенбі, 10 тамызда журналистерге мәлімдеуінше, ол Солтүстік Корея мәселесінде үнемі келіссөздерді жақтаған. "Бірақ Пхеньян АҚШ-қа зиянын тигізуді ойласа, ол үлкен келеңсіздікке тап болар еді" деді Трамп.

Трамп Солтүстік Кореяға осы бағытынан танбайтын болса, "бұрын-соңды болмаған үлкен келеңсіздікке ұшырайтынын" ескертті.

8 тамызда Washington Post басылымы Солтүстік Корея өз зымырандарын ядролық оқтұмсық оқтай алатынына қол жеткзгенін жазған соң, Трамп Вашингтонның Пхеньян әрекетіне "отты қаһармен" жауап беретінін мәлімдеген. Газет бұл мәліметті АҚШ әскери барлау қызметінің мәліметтеріне сүйене отырып жасаған.

Трамптың бұл мәлімдемесіне жауап берген Пхеньян Құрама Штаттардың Тынық мұхитындағы Гуам аралында орналасқан әскери базаларына таяу күндері соққы жасау жоспары барын жариялады. Солтүстік Корея осылайша Вашингтонға "ескерту жасамақ" екенін мәлімдеді.

Дереккөз: azattyq.org

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

734 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Трамп Ким Чен Ынмен кездесетініне күмәнданады  263 рет қаралды

Пхеньян келісімге келмесе, Ливия сияқты талқандаймыз – Трамп  469 рет қаралды

Трамп: Солтүстік Корея мәселесінің шешілуіне әлі ерте  306 рет қаралды

​Трамп Ким Чен Ынмен кездесудің қандай жағдайда кенеттен тоқтайтынын айтты   337 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6