Атырау, 19 сәуір 04:20
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Каспийде АҚШ әскери флотының базасы құрылуы мүмкін бе?», «Бейбарыс Сұлтанның ұрпағы Самия Бейбарыс Астанаға қонаққа келді», «Қанат Ислам: Көрінгеннің сынына құлақ асатын уақытым жоқ», «Білім грантына ілікпегендер оқудың ақысын қалай төлей алады?».

2 101 просмотра

azattyq.org. «Оқушы көп, мұғалім тапшы» - Қазақстанда жыл сайын бірінші сыныпқа баратын балалар саны артып келеді. Ал елдегі мектептерде бес мыңға жуық мұғалім жетіспейді. 

«Бюро: "БТА Банк" ісі бойынша тағы бір күдікті тергеліп жатыр» - Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "БТА Банк" қаржысын жымқыру бойынша қылмыстық істегі күдіктілердің бірі Ержан Қадесов Венгриядан Қазақстанға оралды деп хабарлады.

abai.kz. «Бейбарыс Сұлтанның ұрпағы Самия Бейбарыс Астанаға қонаққа келді» - С. Бейбарыс ханымның жұмыс жолы 1993 жылы Араб Мемлекеттері Лигасын ұйымдастырудан басталды. 2013 жылы LAS ақпараттық секторының меңгерушісі болып тағайындалды. Ол араб мемлекеттерінің Еуропамен қарым-қатынастарын қадағалайды, сондай-ақ араб-африка ынтымақтастығын, араб-қытай және араб-америка байланыстарын насихаттауға жауапты.

qazaqtimes.com. «Назым Қызайбай: Олимпиада чемпионы атанғым келеді» - Назым Қызайбай – Қазақстан тарихында тұңғыш рет, әйелдер арасында өткен бокстан әлем чемпионатында еліміздің байрағын желбіретіп, әнұранын әуелеткен, халқына алтын медаль тарту еткен алғашқы нәзік жанды.  

«Екі жыл Алматыға әкім болған Бауыржан Байбек не тындырды?» -  Тамыздың 9 күні Бауыржан Байбектің Алматы қаласына әкім болып тағайындалғанына 2 жыл. 

qamshy.kz. «Білім грантына ілікпегендер оқудың ақысын қалай төлей алады?» - Білім беру гранттары конкурсының нәтижелері барлық қатысушылардың үмітін ақтамады, өйткені түлектердің 30% ғана оқуға грант алды. 

informburo.kz. «Қанат Ислам: Көрінгеннің сынына құлақ асатын уақытым жоқ» - Бір айдан соң канадалық Брэндон Кукпен жұдырықтасатын Қанат Ислам informburo.kz тілшісіне экслюзив сұхбат беріп, Астанадағы жаттығуын көрсетті.

«Каспийде АҚШ әскери флотының базасы құрылуы мүмкін бе?» - Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскери қоғамдастық жақында бес жылдық келісімге қол қойды. Бұл не келісім? Каспий аймағына АҚШ теңіз әскері кіре ала ма?

«Кеңес үкіметімен бірге құлаған ұшақ спортын қайта түлеткен қазақ жігіті» - 19 жыл жинаған ақшасына ұшақ сатып алып, әуежай салған қазақ жігіті ұшақ спортынан әлем чемпионатын қабылдауға дайынмын дейді.

«Астана маңында жер телімінің бағасы 800 мың теңгеден басталады» - Астанаға шұбырған қазаққа қоныс табу қиын. Себебі үй қымбат. Қалтасы жұқалар амалсыздан қала іргесіндегі ауылдарды жағалайды. Жер іздейді.









  

11 тамыз 2017, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.