Атырау, 20 сәуір 15:27
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ара қашықтықты сақтамай, ажалға себеп болды

3 004 просмотра


8 тамызда Доссор-Құлсары тас жолында үш автокөлік соқтығысып, оқиға салдарынан бір адам қаза тапты.

Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ хабарлауынша, Volkswagen Sharan көлігінің жүргізушісі (Жылыой ауданының тұрғыны, Құлсарыдан келе жатқан) алдында келе жатқан көліктермен ара қашықтықты сақтамай рөлді солға қарай бұрып, бірақ басқа Volkswagen Sharan көлігіне соқтығысады. Басқару жүйесін игере алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Доссор бағытынан қарама-қарсы келе жатқан Toyota Carina  автокөлігіне соқтығысады.

- Апат салдарынан Toyota  Carina  автокөлігінің жүргізушісі, ШҚО-ның 1981 жылы туған тұрғыны оқиға орнында мерт болып, сол көлікте жанында отырған 1996 ж.т. жолаушысы, Жылыой ауданының тұрғыны, дене жарақатымен Жылыой аудандық ауруханасына түскен, - дейді Н.Қайсағалиева. - Ал, Volkswagen Sharan автокөлігінің алты жолаушысы (арасында балалар да бар) Доссор селолық ауруханасына, жүргізушінің өзі облыстық ауруханаға жатқызылған.

Қазір осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

9 тамыз 2017, 19:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.