Атырау, 19 сәуір 04:54
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Париж түбінде көлік жүргізушісі әскерилерді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

2 061 просмотра


Париж маңындағы Леваллуа-Перре қаласында автомобиль әскерилер тобын қағып кетті, олар антитеррорлық Sentinelle операциясына қатысып жатқан, - деп хабарлайды Reuters. 

Алты адам зардап шекті - төртеуінің жарақаты жеңіл, ал екеуі едәуір жараланған. Көлік тізгінінде болған адам оқиға орнынан қашып кеткен. Париж полиция басқармасы оның іздестіріліп жатқанын мәлімдеді. BMTV мәліметінше ол қара нәсілді ер адам. Оның көлігінің маркасы да белгілі болды - BMW. Телеарна өкілдерінің мәліметінше, төтенше жағдай жергілікті уақыт бойынша 08:15-те болған. Әскерилер казармадан келе жатқан. Ауыр жарақат алған екі адам Париждің солтүстік департаментіндегі О-де-Сенедегі Перси әскери госпиталіне жеткізілген.
Дереккөз: tengrinews.kz

9 тамыз 2017, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.