Атырау, 19 сәуір 13:59
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Атыраулық спортшы өзге елде өнер көрсетіп жүр

Сурет
4 037 просмотра
Артем Карепанов (сол жақта шеткі)
Жарты жылдан сәл астам уақыт бұрын біз Артем КАРЕПАНОВТЫҢ хикаясын әңгімелеген едік. Ал оның тағдыры содан бері ғажайып өзгерістерге ұшырады.

Естеріңізге салсақ, атыраулық жігіт балалар үйінде өскен, спортқа деген құлшынысы бала кезден байқала бастаған. 12 жасар баланы 2011 жылы Грек-рим күресі бойынша ҚР Еңбек сіңірген бапкері Рашид МУСИН байқаған еді. Артем оның бапкерлігімен Атырау, кейін облыс чемпионы атанды. Ал осыдан кейін біздің «жекпе-жекпен айналысатын» өңір үшін экзотика көрінетін суға секіру түрімен әуестенді. Біздің қаламызға Украинадан келген танымал бапкер Владимир МОЛЧАНОВТЫҢ жетекшілігімен ел чемпионатының күміс жүлдегері атанып, ҚР спорт шебері нормативін орындады. Болашағы жарқын болады деп үміт күтілді, жігіттің өзінің «Мен әлі Олимпиада ойындарында өнер көрсететін боламын» деп айтқаны есімізде. Оның сөзіне біз де сенген едік.

Біздің келесі кездесуіміз мамырда болды, сол кезде Артемнің көңіл-күйі ұнамап еді. Сөйтсек, Атырауда украиналық маман Молчановпен келісімшартты ұзартпауды ұйғарған екен. Жас шебер бапкерсіз қалды, оның үстіне, Артем айтқандай: «Маған бір адам жақындап келіп, есімін айтпай-ақ қояйын, «Бауырым, сен жұлдыз аурына» ұшырадың, бізге мұндай ұнамайды. Енді қаржыландырудан үмітіңді үзуіңе болады» депті. Міне, сөйтіп, тағы тағырыққа тірелді. Бірақ, Оңтүстік Кореяда жас спортшының талантын Молчанов арқылы біліп, «Судағы цирк» шоуына қатысуға шақырады. Ұсынылған келісімшарт, Артемның айтуынша, қызығатындай еді, оған ойлануға бір ай уақыт берді. Бірақ ол өзімен өзі кеңесіп, бірден келісімін берген: Атырауда енді оны ұстап тұрған ешкім жоқ еді. Қалғанын ол маған жақында Whatsapp арқылы әңгімелеп берді.


Мамырдың аяғында Артем жұмыс визасын ресімдеп, Сеулге ұшып кетіпті.

- Әуежайда орта жастардағы орта бойлы тартымды әйел менің есімім жазылған қағазды ұстап тұрды. Бұл шоудың иесі миссис Ким болатын. Ол өте жайдары еді, ең алдымен мені кафеде тамақтандырды. Тамақ ішіп отырған кезде мені әңгімеге тартуға тырысты, бірақ менің ағылшыншам әзірге өте нашар екенін тез түсіне қойды, - деп еске алады Артем. Олар Корея жартыаралынан оңтүстікке қарай орналасқан Чеджу қаласына ұшып барады, сол жерде тұрып, жұмыс істеу керек болатын. Чеджу – ірі курортты қала (жыл сайын 4 миллион турист барады), күшті ойын бизнесімен де аты танымал. Артемді бірден пәтерге орналастырды, өйткені ұжыммен келесі күні танысу жоспарланған болатын. Ол дереу жергілікті жермен танысуға кірісті.

- Ең алдымен теңізге шомылдым, пальмалар, гүлдерге орнаған, көшелерде керемет тазалық, сәнді отельдер мен ойынханалар, әр қадам аттаған сайын теңіз өнімдері және туристер толы еді, - деп еске алады Артём өзінің алғашқы әсерін. Келесі күні таңертең оны 6 адамнан құралған суға секірушілер командасымен таныстырды. Алматыдан келген Роман есімді қазақстандық пен украиналық жігіттер екен. Сөйтіп жұмыс күндері басталды. Олар 20 мың орындық су алаңында өнер көрсетеді. Күн сайын өзгеріп отыратын сценарий бойынша суға секіру мұнарадағы билерге ұласады. Сондықтан Артемге қосымша хореографияны да меңгеруге тура келген. Оның жеке бағдарламасы күніне үш мәртеден екі сағат үзіліспен 10 минутқа созылады. Осы алаңда әуеде жүретін гимнасттардан, акробаттардан, жекпе-жек өнерінің шеберлерінен тұратын басқа ұжымдар өнер көрсетеді. Жалпы, күні бойына жұртшылықтың көңілін көтереді. Қойылымға ұзын-сонар кезек тұрады, адамдар билет үшін 300 долларды қуана төлейді...


Әрине, сонау шалғай елге бауыр басып кету оңай емес. Артемның айтуынша, ол басқа сағат белдеуіне (бастапқыда түнде ұйқысы келмей, күндіз, керісінше, ұйқы басатын), ылғал климатқа, ащы тағамға бірден үйреніп кете қоймаған. Ол әлі күнге дейін борщты, түшпараны, бешбармақ пен бидай нанын сағынады екен.

Ал шоудың ең жас қатысушысының өз фанаттары пайда болды. Әр қойылым сайын ол ұзақ уақыт қолтаңба берумен болады. Табынушыларымен Чеджу қаласының көшелерінде де кездесіп қалады:

- Көшеден танып қалып, бірге суретке түсейік деп өтінген кезде көңіліңе жағымды болады екен. Мені әлденеше рет қонаққа да шақырды, бірақ, мен шынымды айтсам, бел буа алмаймын. Ақымақ болып көрінгім келмейді – айтатын нәрселер бар-ау, бірақ менің қазақ тілімді немесе орыс тілімді кім түсінеді? Сондықтан қазір ағылшын мен корей тіліне баса мән беріп жүрмін.

Артем аз табыс таппайды, бірақ аз жұмсайды, кейінге қалдырады. Ал жақында миссис Ким оған жалақысын өсіріп, келісімшартты ұзартуды ұсыныпты.

- Енді қандай жоспар бар?

- Бір орында тоқтап қалғым келмейді. Қажет сомамды тапқан соң, Алматыдан жақсы пәтер сатып аламын да Дю Солей циркіне жұмысқа орналасуға тырысып көремін. Неге болмасқа? Тағы бір айтарым: егер Атыраудан менің күрестегі алғашқы бапкерім Рашид Мусинді көрсеңіз, мен оған барлығы үшін риза екенімді айтыңызшы. Ол ең керек кезде әкемнің орнын басты.

Марат ТАКУЛИН

А.Карепановтың мұрағатынан алынған суреттер

9 тамыз 2017, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.