Атырау, 18 сәуір 11:15
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

"СК-Фармация" медициналық сақтандыру қорының қарамағына көшеді

2 306 просмотра


Қазақстанда халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысатын «СК-Фармация» ЖШС міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қарамағына көшеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Алдағы жоспарға сәйкес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «СК-Фармацияның» құрылтайшысы болады. Бұдан бөлек, «Қазмедтех» компаниясында жекешелендіру жоспарланып отыр», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ляззат Ақтаева бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында. Айта кетейік, «СК-Фармация» компаниясы 2009 жылы құрылған. Бас кезінде ол «Самұрық-Қазына» қорының құрамында болды. Ал 2013 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына көшті. Аталған компания тегін медициналық көмек аясында дәрі-дәрмектерді сатып алу жұмысымен айналысады. «СК-Фармацияда» сыбайлас жемқорлық әрекеттері де анықталған болатын. Ағымдағы жылы ақпан айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев компания жұмысын сынға алып, ол жерде істеген қызметкерлерді «мафия» деп атады. Келесі күні «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Нұржан Әлімбаев жұмыстан шығарды. Ал компанияның өзіне монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 1,3 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды.    

Дереккөз: inform.kz

9 тамыз 2017, 13:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.