Атырау, 19 сәуір 23:53
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Ауру - астан

2 507 просмотра


Жыл басынан бері облыстағы 217 тұрғын туберкулез сырқатына шалдықты, соның ішінде  кәмелетке толмағандар саны 32. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Өмірзақ ЗИНУЛЛИН (суретте) хабарлады.

Бүгінде облыстағы тубдиспансер есебінде аурудың белсенді түріне шалдыққан 1065 пациент тұр.

- Соңғы кездері ата-аналар арасында балаларына алдын алу екпелерін салдыртудан бас тартатын жағдайлар жиілеп кетті. Адамдар көптеген ауыр жұқпалы аурулардан халықты жаппай иммундау арқасында арыла алғанымызды ұмыта бастады. Денсаулық сақтау департаменті екпелерден бас тарту себептеріне мониторинг жүргізіп отырады. Бірінші жартыжылдықта мұндай фактілер 259 болды. Ата-аналардың басым бөлігі – 90 пайыздайы өздерінің діни себептерге байланысты бас тартқандарын түсіндірді, - деді Ө.Зинуллин.

Ол, сондай-ақ, жұқпалы аурулар динамикасы туралы әңгімеледі. Жыл басынан бері 7 адам салмонеллезбен (2016 ж. – 27 қаңтар-маусымында), бактериалдық дизентериямен – 2 (1), қызамықпен 3 (6), вирустық гепатитпен – 5 (12), бруцеллезбен – 15 (23), гриппен – 12 (25) ауырды. Ал өткір ішек ауруларының деңгейі 20,4 пайызға өсті. Талдау жұмыстары пациенттердің 62,8 пайызы сапасыз тағамнан, қалған жағдайларда гигиена ережелерін сақтамауы салдарынан ауырғанын көрсетті.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

9 тамыз 2017, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.