Атырау, 29 наурыз 13:31
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Интернет арқылы алдап, ақша алған

3 175 просмотра


Мақат аудандық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша («Алаяқтық») үкім шығарды.

35 жастағы жергілікті тұрғын «Вконтакте» әлеуметтік желісінде  басқа бір адамның атын жамылып, жалған аккаунт ашып, қайыршақ тас сату туралы хабарландыру жариялайды. Бұл хабарландыру арқылы Мақат поселкесінің бес тұрғыны тапсырыс береді. Олар оған 642 мың теңгені қолына бергенімен, көп кешікпей жеткізіледі деген құрылыс материалдарын ақыры көрмейді.

Мақат ауданы прокурорының орынбасары Абзал АХМЕТОВ сотталушының 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілгенін хабарлады.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 тамыз 2017, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.