Атырау, 25 сәуір 03:01
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Бермуд бұрышындағы» бағдаршам істен шықты

3 081 просмотра


3 тамыздан бастап Атырау орталығындағы көлік көп жүретін Сәтпаев-Молдағұлова көшелерінің қиылысындағы бағдаршамның жұмыс істемей тұрғанына екінші күн болды. Оны бүгінгі жұмыс күнінің аяғына дейін іске қосуға уәде берді. Атырау облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВ:

- Біз қалалық ТКШ бөліміне ұйғарым жолдадық. Бағдаршамдар қаланың балансында. Біздің мәліметіміз бойынша, ол жерде электр энергиясына қатысты іркілістер болып тұрады, ТШО кеңсесі сол маңда орналасқан, сондықтан қуаттылықтар жетіспейді.

Өте оғаш жайт, бірақ бағдаршам жұмыс жасамай тұрса да, бұл жерде көлік кептелістері мен көлік оқиғалары байқалмайды. Тек жолдан жүгіріп өтетін жаяу жүргіншілер үшін ғана қауіп бар. Тағы бір таң қаларлығы, істен шыққан бағдаршамдардың дәл жанында «бермуд ұшбұрышы» деп аталатын ҰҚКД, ІІБ және прокуратура ғимараттары орналасқан. Бірақ ала таяқсыз болса да, бірде-бір  реттеуші байқалмады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА 

4 тамыз 2017, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.