Атырау, 29 наурыз 20:44
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Өз адамын жинау өзгермеді", "Әлеуметтік жәрдемге мұқтаждарға мемлекет қарайласпақ", "Қазақстандық банктер қандай ережелерді жиі бұзады?", "Қытайдан қазаққа төнер қауіп қандай?"

2 085 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Әлеуметтік жәрдемге мұқтаждарға мемлекет қарайласпақ" - 2018 жылы қолданысқа енетін жаңа әлеуметтік бағдарламаларды аймаққа түсіндіруге барған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Оңтүстік Қазақстан облысында алдағы жылы медициналық көмектен 400 мыңнан аса адам қағылуы мүмкін деп ескертті. Жергілікті билік "қиындық барын" мойындайды.

"Президент Трамп "грин-кард" беруді шектейтін заң жобасына қол қойды" - АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбіде Америкаға қоныс аударатын кәсіби білігі төмен эмигранттардың санын екі есеге қысқартатын, эмигранттарды білім-қабілетіне қарай балдық жүйемен бағалайтын ережелерді күшіне енгізді.

""Емізуді тек рефлекс деп қабылдаймыз"" - Қазақстанда анасы емізетін нәрестелер саны туа сала 98 пайыз болса, бір жаста 15 пайызға бір-ақ азаяды. Мұның себебі мен салдары қандай? Азаттық тілшісі педагог-психолог Елена Асадчаямен сұхбаттасты.

ZHASALASH.KZ. "Фурманов Алашқа айнала ма, әлде Базарбековтің арманы орындала ма?" - Ит жарыс деген бар. Кәдімгі спорттың бір түрі. Бұл ит жарысыңыз батыс елдерінде жақсы дамыған. Үлкен ипподромдарда өткізіледі. Жұрт озып келеді-ау деген иттерге ақша тігеді. Сөйтіп, иттің өзін бәсекеге, бизнеске айналдырған. Қаптаған қалың итті бір-бірімен жарыстыру да оңай емес қой. Сөйтсе, оның да амалын тауыпты. Иттерге қоянды шырға ғып көрсетіп қояды екен. Содан қоянды қуып жетіп ұстауға ит байғұс тілі салақтап барын салады. Ал бұл адамға қызық, тамаша. Ит жарысқа ұқсас қызықтың бірі біздің елде де көптен бері өтіп келеді. Айырмасы – жарысқа адамдар түседі. Жарыстың жүлде қоры белгісіз. Бірақ көзге түскендер марапатсыз қалмайды. Қызметі өседі. Жарысушылардың мақсаты – президентті мақтау, мадақтау.

"Өз адамын жинау өзгермеді" - «Тамыр-таныстарыңнан команда жасақтамаңдар» деп президент шенеуніктерге ескерту жасап, тапсырма берді. Оны орындау үшін заң өзгерді, арнайы мемлекеттік қызмет істері агенттігі қайта құрылып, бақылау күшейді. Ал нәтижесі қандай? Мардымсыз. «Баяғы жартас – сол жартас». Бұл сөзді аспаннан алып, ойдан құрап тұрған жоқпын. Жиырма бес жыл мемлекеттік істің әр саласында, оның ішінде басшылық қызметтерде елге, президентке адал қызмет еткендіктен айтып отырмын. Талай байқауларға қатыстым. Үлкен тәжірибем болса да, қазір мені мемлекеттік мекемелер жалпы конкурста сирек жариялайтын бос басшылық лауазым қызметіне әңгімелесуден өткізбейді. Неге? Себебі біреу – ол қызметке мекеме басшысы байқау арқылы өз адамын өткізеді.

QAZAQTIMES.COM. "Қазақстандық банктер қандай ережелерді жиі бұзады?" - Жыл басынан бері 12 банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын бір ұйым клиенттердің заңды құқықтары мен мүдделерін бұзған. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Футбол тарихындағы жаңа кейіпкер немесе Неймардың Барселонадан кетуі" - Дүйсенбіден ала доптың айналасындағы болып жатқан жағдайлар үш ұйықтасаң түсіңе енбес оқиғаларымен таң қалдырып келеді. Әлеуметтік желілердің барлық түрінен тек бір жанның фотосуреті әр түрлі реңде  қайталана бергені ешбір жанды елең еткізбей қоймаған шығар. Әсіресе жастар жағы. Интернет сайттары да тынбай сол образ иесі жайлы білсе де білмесе де рейтингті сақтау үшін бірінен бірі өтіп сенсация жасағысы келетін секілді жазып жатқанына не дерсің. Иә, мұндай жағдай болады деп тіпті көріпкелдеріңізде болжап үлгермеген болар қазірге.

ABAI.KZ. "Асанов міз бақпады, енді арызым Елбасының құлағына жетсе деймін" - Abai.kz порталы 21 шілде күні Самалгүл Есенғазиева атты азаматшаның "Күйеуім мемлекет қаржысына қол салған жоқ" деген ашық хатын жариялаған еді. "Құқық қорғау органдарының теперішіне шыдамай шейіт болған Өмірбек Жампозовтың басындағы жағдай менің күйеуім Шәріпов Ермек Исаұлының басына да туып отыр" деп шырылдаған келіншектің жанайқайына ҚР Бас Прокуроры Жақып Асанов құлақ аспаған соң, енді тікелей Елбасыға шағым түсірмек. Әділдік іздеп шарқ ұрған шынашақтай қазақтың қызы Abai.kz ақпараттық порталына тағы хат жазып жіберіпті. Хаттың бір әрпін де өзгертпей оқырман назарына ұсынып отырмыз.

"Ресей де санкция жариялады: Саяжайға кіруге рұқсат жоқ!" - Ресей де өз әлінше АҚШ-қа қарсы санкция жариялап жатыр. Өйткені АҚШ президенті Дональт Трамп тамыздың 2-сі күні РФ-ға, Иранға, Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды күшейту туралы жарлыққа қолып қойып жіберген болатын. Соның қарымтасы ретінде Крмель де қарманып, қарсы қарекет жасап, АҚШ дипломаттарының Мәскеудегі «Серебряный Бор» саяжайына  кіруіне тиым салды. Бұнымен қоса, Кремль АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі мен Санкт-Петербордағы Бас консулдығында қызмет ететін қарасы 755 қызметкерді қыркүйектің 1-іне дейін еліне қайтармақ.

QAMSHY.KZ. "Қанша жаста отбасын құру керек?" - Ертеректе айтылған  «Он үште отау иесі» деген аталы сөз бүгінгі таңда да қолданыста жүр. Алайда ол сөзді тура мағынасында қабылдап, 13 жасқа тола салысымен үйленемін деп айбат танытатындар да кездесіп жатды. Шынтуайтына келгенде, ертедегі ер азаматтар бүгінгімен салыстырғанда әлдеқайда ерте есейген. Еркеліктің дәмін біреу көріп, біреу ада қалып жатқан жаугершілік заманда ер азаматтарымыз қолына қару алып, соғысқа аттанғаны белгілі. Ал бүгінде 18 жас – кәмелет жасы. Ол жасқа толғанша  бізге ата-анамыз жауапты. Кәмелет жасқа толғаннан кейін ғана «өзіне жауап берер алатын» азамат атанамыз. Салыстырып қарасақ,  ертедегі 13 жастағы бозбала бүгінгінің 18 жастағы ер жігітімен тең деуге болады.

"Қытайдан қазаққа төнер қауіп қандай?" - Қазақстан-Қытай ежелден дос көрші елдер есептеледі. Әсіресе 1992 жылғы 3 қаңтарда дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері екі елдің байланысы күн сайын күшеймесе, әлсіремеді. Екі ел арасында тату көршілік, достық және әр түрлі қызметтестік, сауда-саттық мәселелері туралы келісімшарттар да аз емес.


4 тамыз 2017, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.