Атырау, 20 сәуір 06:58
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Шабақтар тоғанға жіберілді

2 267 просмотра


2 тамызда Атырау бекіре өсіру зауытында (Еркінқала) шабақтарды тоғандарға жіберу жұмыстары басталды. Табиғи ортаға 6 млн шоқыр шабақтары жіберіледі.

Зауыт директоры Рашиден ҚАЛИДУЛЛИННІҢ айтуынша, биыл мамыр мен маусым айларында ауа райы салқын болғандықтан жасанды өсіп-өндіру мерзімі кейінге шегерілген:

- Әдетте шабақтарды үш кезеңмен жібереміз, бірақ биыл сәл күте тұрып, үш партияның бәрін бір уақытта жіберуді ұйғардық. Стандарт бойынша тоғандарға жібермес бұрын шабақтардың салмағы кем дегенде 2 грамм болуы тиіс. Бүгінгі күні бірінші партиядан алынған шабақтардың салмағы орташа алғанда 10-11 грамм болады. 16-17 грамм болатын анағұрлым ірілері де кездеседі. Бұл жақсы. Мұндай ірі шабақтар күш жинап, тіршілік етуге қабілетті болады. Екінші партия шабақтарының салмағы бізде орташа алғанда 6-7 грамм, үшінші партияда – 3,5 грамм құрайды. 

Зауыт қызметкерлерін шілдеде орын алған аптап ыстық та едәуір әуре-сарсаңға салған. Шабақтар жүзетін рұқсат етілген жоғарғы су температурасы – 27 градус.

- Біз тоғандардағы су температурасын үнемі циркуляция жасау арқылы 24-26 градус деңгейінде реттедік. Сорғылар күн сайын жұмыс жасап тұрды, - деп атап өтті Қалидуллин.

Биыл зауыт бекіре тұқымдастардың жаңа түрлерімен толықты. Балықшылардың ау құралдарына көктемгі балық аулау маусымында бекіре де, шоқырлар да, сүйріктер де, тіпті, қортпа да түскен. Ал бірер жыл бұрын бұл жерге салмағы 125 келі болатын жаралы аналық қортпа жеткізіліпті. Зауыт қызметкерлері оның жарасын емдеп, өздерінде қалдырған.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

3 тамыз 2017, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.