Атырау, 25 сәуір 21:51
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Нұрлан Ермекбаев Египетте ұсталған студенттерге қатысты пікір білдірді

1 687 просмотра


ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев діни білім алу үшін ресми жолдамасыз шетелге аттанбауға кеңес берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Египеттегі қазақстандық студенттердің келеңсіз оқиғасы оңынан шешілді, біз оған қуаныштымыз. Соңғы кездері жастардың ешқандай ресми жолдамасыз курстарға оқуға барып, келеңсіздіктерге тап болуы жиілеп кетті. Сондықтан, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасымен бірлесіп, діни білім алу үшін шет мемлекеттерге өз бетімен бармауға кеңес береміз», - деді Н.Ермекбаев. 

Сонымен бірге, министр шетте алған діни білімнің Қазақстанда жарамай қалуы ықтималдығын және шетелге білім алуға кеткен жастардың үлкен қатерге бас тігіп отырғандарын баса айтты. «ҚМДБ қатысуынсыз алған діни біліммен үміткерлер ҚМДБ жүйесіне жұмысқа орналаса алмайды. Өздері үшін білім алуға баратын адамдар қандай қатерге бас тігіп отырғандарын түсінуі қажет. Бұл мәселе діни білім алатындарға ғана қатысты емес. Бүгінде мыңдаған қазақстандық студенттер шет мемлекеттерде түрлі мамандықтар бойынша білім алуда. Олар да қылмыстық топтардың, діни радикалдардың құрбанына айналуы мүмін. Бұл бәрімізге ортақ проблема», - деп толықтырды министр. 

Министрлік ұсынған деректерге сәйкес, қазіргі уақытта 300-ге жуық қазақстандық өзге мемлекеттерде діни білім алып жатыр. Олардың бір бөлігі ҚМДБ жолдамасымен кеткен. 

Еске сала кетсек, 20 шілдеге қараған түні Египеттің арнайы қызметі тіл курсына кеткен 6 қазақстандық студентті ұстады. 1 тамыз күні кешкісін Египеттің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Қазақстанның елшілігімен хабарласып, осыған дейін ұсталған қазақстандық азаматтардың барлығын еліне депортациялайтындарын хабарлады. Қазақстандықтарды ұстау себептері әзірге белгісіз.

Дереккөз: ҚазАқпарат


3 тамыз 2017, 13:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.