Атырау, 29 наурыз 14:25
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Сирияға джихадқа бармақ болған алматылық жігіт сотталды

2 202 просмотра

Фото: Sputniknews.kz

Алматыда қарулы джихадқа қатысу үшін Сирияға кетпек болған ер адам алты жылға сотталды, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматының Алматы аудандық соты "салафизм" радикалдық діни ағымын ұстанушы ер адамға қатысты қылмыстық істі қараған. Ол "Джабхат ан-нусра" террористік ұйымының қатарында қарулы джихадқа қатысу үшін Қырғызстан және Түркия арқылы Сирияға бармақ болған. 

"Сот шемімі бойынша М. ҚР Қылмыстық кодексінің 24 бабы 1 тармағы, 257 бабы 2 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздіктегі мекемесінде өтейтін болады", — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. 

Сот үкімі заңды күшіне енді. 

Дереккөз: Sputniknews.kz 

2 тамыз 2017, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.