Атырау, 20 сәуір 01:24
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Балықшыдағы газ дауы

2 510 просмотра


«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Балықшыдағы жылу қазандығына жеткізілген табиғи газ үшін 51 млн теңге сомадағы алажағын өндіріп алу үшін «Құспанова К.СЖК-ге қатысты сотқа талап-арыз берді. Егер әңгіме облыс орталығының халқы тығыз орналасқан ауданын қысқы маусымға дайындау туралы болмағанда, бұл қарапайым шаруашылық дауы болып қалар еді.

Сотта 2017 жылдың қаңтарынан бастап наурызына дейін талап-арыз берушінің талап-арыз сомасына газ жеткізген, бірақ жауапкердің оның ақысын төлемегені анықталды. Жауапкер 2017 жылдың сәуірінде қарызын растап, есеп-айырысулар актісіне қол қойып, талап-арыз берушіге төлемеген қарызын төлеу міндеттемесі туралы кепілхат жолдаған.

Талап-арыз толықтай қанағаттандырылды.

Біз кәсіпкер Кристина Құспановаға қоңырау шалдық. Ол қарызын өтеуге, қазандықты қысқы маусымға лайықты түрде дайындауға ниетті екенін хабарлады. Ал Балықшы тұрғындарының жылу үшін көп жылдық бережақтары 50 млн теңге болған екен.

- Сіз бұл жағдайда қысқы маусымға дайындала алатыныңызға сенімдісіз бе?

- Иә. Оның үстіне, «Эра» ЖШС көмектесуді жоспарлап отыр (оны К.Құспанованың жақын туысы басқарады).

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 тамыз 2017, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.