Атырау, 28 наурыз 17:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Полиция: үй жұмысы

3 844 просмотра
Көрнекі сурет.


Өңірлік коммуникациялар қызметінде Атырау облыстық ІІД-нің жергілікті полиция қызметінің бастығы Нұрым ОРАЗБАЕВТЫҢ қатысуымен брифинг өтті.

Қаламыздағы жаңадан салынған ықшамаудандарда жергілікті учаскелік полиция қызметкерлері де, полиция бекеттері де жоқ. Брифингте айтылған басты тақырыптардың бірі осы болды. Онда үйлерді тонау оқиғалары көп кездеседі.

Оразбаевтың айтуынша, осы жылдың аяғына дейін жаңа ықшамаудандарда 20 учаскелік полиция бекеттерінің құрылысы жоспарланған. Бұған қоса Атырау қаласының селолық округтерінде және аудан орталықтарында 14 учаскелік полиция бекеттері салынбақ. Салынатын бекеттің бір жағында учаскелік полицияның қызмет кабинеті орналасатын болса, екінші жағы оған баспана ретінде беріледі.  

- Учаскелік полиция қызметкерлерінің баспана мәселесі өте өзекті. Жыл соңына дейін әкімдік полицейлер үшін 100 қызметтік пәтер бермек. Бұл бізге үлкен көмек. Облыс аумағында 20 пайыз жеке құрам жетпейді, енді біз жастарды «пәтермен қамтамасыз етеміз» деген уәдемен жұмысқа шақырып жатырмыз, - деді Оразбаев.

Одан Нұрсая ықшамауданындағы №14, 14 «а» үйлерде жиі болатын ұрлыққа қашан тыйым болатыны жөнінде сұрады.

- Жақында полиция қызметкерлері үшін осы үйлерден пәтерлер бөлінді, бұл жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді, - деді Оразбаев.

Келесі сұрақ Сырым Датов көшесіндегі теміржол бөлімшесі аумағындағы үйлердің  тұрғындарының жеңіл жүрісті қыздарға қатысты болды. Атырау қалалық жергілікті полиция басшысы Ерлан БИҒАМБАЕВ бұрын аталған орында өз қызметін ұсынған қыздар өздеріне қарай жақындаған көліктерге мінетінін, бірақ қазір ол жерде көліктің тұруына тыйым салынған белгі орнатылғандықтан, қазіргі уақытта жағдайдың реттелгенін айтты.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Cуретті түсірген автор

31 шілде 2017, 13:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.